17.02.2016, 20:03 3925

ҚДБ несие қоржыны 2015 жылы 79%-ға өсіп, 1,5 трлн теӊгеге жетті

"Қазақстанныӊ Даму банкі" АҚ шоғырландырылған несие қоржыны 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша 2014 жылдыӊ көрсеткішімен салыстырғанда 79%-ға ұлғайып, 1 трлн 456 млрд теӊгеге жетті. Ұлттық валютаныӊ құнсыздану әсерін ескермегенде, көрсеткіш 20%-ға өсті.

Астана. 17 ақпан. Kazakhstan Today - "Қазақстанныӊ Даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі Банк, ҚДБ) шоғырландырылған несие қоржыны 2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша 2014 жылдыӊ көрсеткішімен салыстырғанда 79%-ға ұлғайып, 1 трлн 456 млрд теӊгеге жетті. Ұлттық валютаныӊ құнсыздану әсерін ескермегенде, көрсеткіш 20%-ға өсті. ҚДБ активтеріндегі несие қоржыныныӊ үлесі 62%-дан 68%-ға дейін өсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жалпы өткен жылдағы ҚДБ қызметініӊ оӊ нәтижелеріне несие қоржыны сапасына қатысты жүргізілген жұмыс арқасында қол жеткізілді. Валюталық талықсытпалар банк қаржыландырған теӊге бағамыныӊ ауытқуына сезімтал бірқатар жобалардыӊ экономикасына әсер етпей қоймады. Осыған орай банк бірқатар қарыздарды еӊ алдымен несие валютасын теӊгеге ауыстыру арқылы қайта құрылымдады. Биылғы жылы біз жаӊа жобаларды қаржыландыруды тоқтатпай, сондай-ақ "Нұрлы Жол" және жаӊа индустрияландыру Бағдарламаларыныӊ аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражатты игеру қарқынын төмендетпей қоржын сапасына қатысты жұмысты жалғастырамыз", - деді 2015 жылды қорытындылаған ҚДБ Басқарма Төрағасы Болат ЖИМІШЕВ.

2015 жылдыӊ нәтижесі бойынша ҚДБ және оныӊ еншілес ұйымы "ҚДБ-Лизинг" жалпы 283 млрд теӊгеге барлығы 42 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдады:

- қарыз сомасы 186 млрд теӊгеден астам сомаға 8 инвестициялық жоба (Қаратау қаласында қуаттылығы 15 000 тонна натрий цианидін өндіру зауытыныӊ құрылысы, Еуро-5 стандартты мотор жанармайыныӊ өндірісі, Қызылорда қаласында қуаттылығы жылына 197 100 тонна жайма шыны өндіру және өӊдеу зауытыныӊ құрылысы, Павлодар қаласында теміржол дөӊгелектерін өндіру кешенін құру, Қызылорда облысыныӊ бес елді мекенін газдандыру, Ақтау қаласында минералды тыӊайтқыштарды өндіретін зауытты жетілдіру);

- 71,5 млрд теӊгеге 9 экспорттық операция ("RG Brands Kazakhstan" ЖШС, "Баян-Сұлу" АҚ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "Қазцинк" ЖШС, "Қазфосфат" ЖШС, "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ, "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Маслодел" ЖШС, "Қазақстан Алюминиі" АҚ) ;

- 25,5 млрд теӊгеге 25 лизингтік мәміле, оныӊ ішінде Изірбайжан темір жолдарына қазақстандық локомотивтер экспортын қаржыландыру.

Ұлттық қордан Даму банкіне 2014 жылдыӊ соӊында және 2015 жылы бөлінген 260 млрд теӊгеніӊ индустрияландырудыӊ екінші бесжылдығы жобаларын жүзеге асыруға арналған қаражаты (75 млрд теӊге) қаржыландыруға 100% мақұлданды, өӊдеу өнеркәсібі тауарларыныӊ қазақстандық экспортын қолдауға (50 млрд теӊге), жолаушылар вагондары өндірісіне (5 млрд теӊге) және коммерциялық көлік техникасы лизингіне (4 млрд теӊге) бөлінген қаражат 100% игерілді.

Ағымдағы жылдыӊ 11 ақпанындағы жағдай бойынша өӊдеу өнеркәсібіндегі ірі жобаларды қолдауға бөлінген (бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 200 млн теӊгеден бастап 5 млрд теӊгеге дейінгі соманы құрайды) Ұлттық қор қаражатыныӊ бірінші траншы аясында (50 млрд теӊге) алдында ҚДБ тиісті несие келісімдерін бекіткен коммерциялық банктер 47 млрд 220 млн теӊгеге 34 жобаны мақұлдады, 33 млрд 737 млн теӊгеге 28 жобаны қаржыландыру басталды. Ұлттық қор қаражатыныӊ екінші траншы бойынша (50 млрд теӊге) екінші деӊгейдегі банктер 47 млрд 775 млн теӊгеден астам сомаға 48 жобаны мақұлдады, 35 млрд 809 млн теӊгеден астам сомаға 42 жобаны қаржыландыру басталды.

Жеӊілдетілген автонесие беру бағдарламасы аясында ағымдағы жылдыӊ 11 ақпанындағы жағдай бойынша ҚДБ Қазақстанда өндірілген автокөліктерді сатып алуға коммерциялық банк-агенттерге келіп түскен 16 млрд 904 млн теӊгеден астам сомаға жеке тұлғалардыӊ 5161 өтінімініӊ ҚР Үкіметі бекіткен қаржыландыру талаптарына сәйкестігін растады. Аталған күндегі жағдай бойынша алты банк-агент 14,5 млрд теӊгеге нақты 4523 автонесие берді. Осы ретте 15 млрд теӊгені құрайтын Ұлттық қордан бөлінген қаражаттыӊ бірінші траншы 87%-ға игерілді - 13 млрд теӊгеге автонесиелер берілді; 2016 жылы бөлінген 11 млрд теӊге көлеміндегі екінші транш 12.7%-ға игерілді - 1,4 млрд теӊгеге автонесиелер берілді.

"Қазақстанныӊ Даму Банкі" АҚ қоғаммен байланыс жөніндегі қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны