25.09.2007, 16:40 3098

Кеден кодексіне енгізілетін кедендік процедураны жеңілдететін түзетулер үкіметке жақын күндері ұсынылуы мүмкін

Кеден кодексіне енгізілетін кедендік процедураны жеңілдететін түзетулер үкіметке жақын күндері ұсынылуы мүмкін.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Кеден кодексіне енгізілетін кедендік процедураны жеңілдететін түзетулер үкіметке жақын күндері ұсынылуы мүмкін. Мұндай пікірін бүгін үкімет отырысының аяқталуына орай журналистерге берген сұхбатында Қазақстан Республикасының қаржы министрі Наталья Коржова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін үкімет отырысында Кеден кодексіне енгізілетін сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушыларға шекара асу барысында жүктің декларациясын ғана емес, белгіленген тәртіпте бекітілген құжаттың көшірмелерін де ұсынуға мүмкіндік беретін түзетулер қолдау тапты",- деді Н. Коржова.

"Егер бүгін премьер қолдап, қол қойса, онда бұл құжаттар жақын күндері парламентке енгізіліп, жұмыс топтарында талқылаудан өтеді, онда біз тауарлардың кедергісіз өтуіне мүмкіндік беретін регламентті тағы бір рет талқылаймыз",- деп қосты ол.

Қаржы министрінің айтуынша, "біз қазір үкімет отырысында талқылаған заң жобасының нұсқасы бойынша бұл топқа шетел валютасы жатпайды". "Мұндай құжаттар (кедендік декларацияның көшірмесі немесе кедендік декларация) бермейтін елдер бойынша жеке тәртіп болады",- деп атап көрсетті министр.

"Кедендік декларацияның көшірмесі немесе кедендік декларация бермейтін елдер дүниежүзіне белгілі елдердің тізіміне кіреді, оларды Дүниежүзілік кеден ұйымы да, Қаржы министрлігінің Кедендік комитеті біледі. Және де олардан тауарлардың нақтылығы басқа құжаттармен расталатын болады - бұл манифесттер, прайс қағаздар, немесе қолданыстағы заңмен регламенттелетін құжаттар",- деп нақтылап өтті Н. Коржова.

Қаржы министрі жалпы заң жобасын "елеулі ілгерілеушілік" деп бағалады, себебі, кедендік декларация енгізу - бұл сыртқы экономикалық іс-қызметтің міндетті элементі болмақ". "Біз осы арқылы кейінгі кезде сын садағына іліккен басқа елдермен арадағы статистикалық айырмашылықты жоюға қол жеткізбекшіміз, біз бюджет кірісін белгіленген тәртіпте толықтырамыз, біз дүниежүзінің бәсекеге қабілетті 50 мемлекеті сияқты мәдениеті түрде жұмыс істейміз",- деп санайды министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны