04.02.2010, 12:32 1372

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қазақстанның оңтүстік шекарасындағы 13 өткізу бөлімшесін таратуды ұсынады

Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қазақстанның оңтүстік шекарасындағы 13 өткізу бөлімшесін таратуды ұсынады

Астана. 4 ақпан. Kazakhstan Today - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозыкөрпеш Кәрібозов Қазақстанның оңтүстік шекарасындағы 13 өткізу бекетін Кедендік одақтың нормаларына сай келмеуге байланысты таратуды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз жолаушылар ағыны аз және қандайбір инфрақұрылымы жоқ 13 өткізу бекетін үшінші санатқа жатқыздық", - деді Қ. Кәрібозов премьер-министрге оңтүстік шекараны тексеру есебін таныстыра келе.

"Мәселен, екі жаққа автокөліктер өткізетін "Бірлік" бекетінде 10 адам қызмет етеді. Ал кеден қызметкерлері вагончиктерде тұрады. Шекара арқылы автокөлік іс жүзінде өткізілмейді, тәулігіне 2-3 көліктен аспайды, ал жеке тұлғалар бұл бекет арқылы жаяу өтеді. Бұдан басқа 12 өткізу бекетінде де жағдай осындай", - деді ол.

Оның айтуынша, кезінде бұл 13 өткізу бекеті "жергілікті биліктің тақауырымен ашылған және 10 жыл бойы оларды жайластыруға қаржы бөлінбеген". "Сол себепті мен осы өткізу бекеттерін Кедендік одақтың нормаларына сай келмеуіне байланысты тарату немесе тек қана көші-қон бақылауы жасалуы үшін ҰҚК-нің қарамағына беру жөнінде мәселе көтеруге мәжбүрмін", - деп мәлімдеді Қ. Кәрібозов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны