22.05.2013, 12:40 15916

Кедендік одақ ДСҰ-на кіруге базалық алаң болып табылады

Кедендік одақты құру КО мүше-елдердің ДСҰ-на кіруді жеделдетуге көмектеседі, деп хабарлады Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директорының орынбасары Алехандро Хара VI Астана экономикалық форумы барысында.

Астана. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Кедендік одақ ДСҰ-на кіруге базалық алаң болып табылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кедендік одақты құру КО мүше-елдердің ДСҰ-на кіруді жеделдетуге көмектеседі, деп хабарлады Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директорының орынбасары Алехандро Хара VI Астана экономикалық форумы барысында.

"Кедендік одақты құрған кезде ол ДСҰ-на кіргелі жатқан одақтың мүше-елдеріне қиындық тудырды, себебі ДСҰ мүшелері бұл одақты құрудың басқа елдердің саудасына ықпалы мен оның салдарын түсінген жоқ. Қарама-қайшылық КО мүшелері ДСҰ-на кіруді керісінше жылдамдатады, өйткені олар сауда саласында ДСҰ ережелеріне сәйкес келетін саясаттарды жасайды", - деді А.Хара.

Сонымен қатар, ол Қазақстанға ДСҰ әлеуетті мүшелеріне қойылатын міндеттерді еске түсірді.

"Біз Қазақстанның ұйымымызға кіруіне зор үмітпен қараймыз, және де қазір үміт отын көріп отырмыз. Қазақстанның ДСҰ-на кіруі бұл ең алдымен, ДСҰ-на кіргенде елге қойлатын міндеттер жинағы мен нақты заңдар. Екіншіден, айқындық пен транспаренттілік өте маңызды", - деп қортындылады ДСҰ басшысының орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны