22.02.2010, 15:48 3232

Кедендік одақ елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді қарқындандыра түседі - Айтжанова

Кедендік одақ елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді қарқындандыра түседі - Айтжанова

Астана. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Кедендік одақ елдері Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді қарқындандыра түседі. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен үкіметтік сағатта индустрия және сауда вице-министрі Жанар Айтжанова мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту жөніндегі келіссөздер одан әрі жалғасуда. Біз оны қарқындандыра түсетін боламыз, өйткені, Кедендік одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік - бір-біріне қарама-қарсы емес, бір-бірін өзара толықтыра түсетін мақсаттар. Біртұтас кедендік аумақ құрылған кезде біздің саудадағы әріптестеріміз тарапынан қызығушылық тіптен өсе түсті. Мүшелікке өту жөніндегі келіссөздерді ресейлік өкіл Максим Медведков басқаратын біртұтас ұйым жүргізеді", - деді Ж. Айтжанова.

Оның айтуынша, қазір Женевада бұл келіссөздерді одан әрі жалғастыру үшін қандай механизм таңдалатындығы жөнінде консультациялар жүргізіліп жатыр. "Біздіңше, әрбір тарап келіссөздерді жеке жүргізеді, міндеттемені әрбір ел өзіне жүктеп алады. Бірақ, Кедендік одақтың құзыретіндегі мәселелерді біртұтас келіссөздер тобы шешеді", - деді Ж. Айтжанова.

"Бүгінгі жағдаймен бізде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге қатысты екі ауқымды сұрақтар санаты бар. Бірінші мәселе - экономикалық саясатқа қатысты (салық салу мәселесі, ауылшаруашылығы кәсіпорындарына жабдықтар енгізу және тағы басқа) мәселелер. Олар - келіссөздер жүргізуші ұлттық топтың құзыретіндегі мәселелер. Бұл мәселелер бойынша біз Қазақстанның делегациясы деңгейінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ал кеден-тарифтік саясат және тарифтік емес шаралар, тауар импорты мен экспортына қатысты мәселелер бойынша біртұтас делегация жұмыс істеуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны