21.05.2008, 19:01 3409

Кеденшілер тауарларды кедендік рәсімдеу бағалары Қазақстанда бағаның түзілуіне әсерін тигізеді деген ақпаратты теріске шығарып отыр

Кеденшілер тауарларды кедендік рәсімдеу бағалары Қазақстанда бағаның түзілуіне әсерін тигізеді деген ақпаратты теріске шығарып отыр

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитеті ҚР негізгі қажетті тауарлардың баға түзілуіне кедендік рәсімдеудің әсер ететіндігі жөніндегі ақпаратты теріске шығарып отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің кедендік табыс басқармасының бастығы Елена Канашкина мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"БАҚ-тарда соңғы уақытта негізгі азық-түлік бағаларына арналған жағдайды талқылау барысында кедендік рәсімдеу кезінде бағалардың көтерілетіндігі жөнінде мақалалар жарыққа шығарылып жүр. Біздің пікіріміз бойынша, осы арқылы қоғамның назары азық-түлік өнімдерін сату кезінде оның бағаларына әсер ететін күрделі мәселелерден басқа жаққа аударылып отыр ", -деді Е. Канашкина.

Ол атап өткеніндей, Қазақстанға шетелден келіп кедендік рәсімдеуден өткізілгеннен кейін "қажетті тауарлардың бағалары кедендік тексеруден кейін 3- 4 есе қымбатқа сатылуда", яғни КБК басқармасы бастығының сөзіне қарағанда бұл ресми түрде заңды құжат болып саналатын кедендік жүк декларацияларымен расталып отыр.

Е. Канашкинаның мәліметінше, осы декларацияларға сәйкес кедендік тексерулерден өткізілгеннен кейін бір келі апельсиннің құны 78 теңгені құрайды, ал елдің ішкі нарығында оның бір келісі 306 теңгеге сатылады. Бананның бір келісі 94 теңге деп белгіленсе, ол 320 теңгеге сатылады. Бір келі қырыққабаттың құны 30, ал сату бағасы 137 теңгеге көтеріледі. Сондай-ақ, картоп 24-72 теңге, пияз-15-66 теңге, қияр-22-331 теңге, сарымсақ-56-288теңге, қызанақтың бер келісі 72 теңгемен белгіленіп, 368 теңгеге сатылады.

"Мұндай бағалар қайдан шығады деген сауал туындайды? Бұл жерде өнімнің нақты тұтынушыға жеткенінше арада тұрған делдалдар тізбегінен бағаның өсуі туындап отыр ", - деп есептейді кедендік бақылау комитетінің өкілі.

"Мұндай ішкі жүйедегі баға түзілімін жергілікті билік органдары реттеуі керек. Бірақ біз басқа көріністі көріп отырмыз, бұл тізбекке, бұл сауданың "сұр" схамасында көтерме сауда жасаушылар, базаркомдар, әкімдіктер, бақылау жасайтын құқық қорғау органдары, индустрия және сауда министрлігінің бөлімшелері және бағалардың көтерілуін қадағалап оларға жол бермеуі тиіс түрлі инспекциялық органдар бар", - деп мәлімдеді ол.

Осыған байланысты кедендік бақылау комитеті әрбір облысқа кіргізілетін халықтық тұтыну тауарлары мен азық-түлік бағаларына жасалған кедендік рәсімдеу жөніндегі ақпаратты шұғыл түрде таратып отыруды ұсынды.

" Мұндай ақпаратқа қол жеткізу арқылы қоғамдық ұйымдар мен басқа да мекемелер баға көтерілуіне бақылау жасап, инфляцияның шарықтауын азайтады ", - деп қорытындылады Е. Канашкина.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны