04.12.2012, 19:05 4126

"KEGOC" Индустрияландыру бағдарламасы бойынша 255 млн. еуроның жобасын іске асыруды жалғастыруда

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 4-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы "KEGOC" АҚ Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына енген "Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең" жобасын іске асыруды жалғастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Осы жоба шеңберінде үстіміздегі жылдың қарашасында 500 кВ-тық Есілдің басты төмендеткіш қосалқы стансасында (ЕБТҚ) қолданыстағы автотрансформатордың (1975 жылы шыққан) орнына қуаты 500 мегавольт-амперлік (МВА) жаңасы орнатылды. Автотрансформатордың құны - 1,1 миллиард теңге. 500 кВ-тық ЕБТҚ станцсасында жабдықты алмастыру күзгі-қысқы жүктемелер максимумы кезінде Ақмола облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады.

"Ұлттық электр торабын жаңғырту, ІІ кезең" жобасы 55 қосалқы стансадағы жоғары вольттық ескірген жабдықтарды алмастыруды көздейді, бұл қызмет көрсету мен жөндеу кезіндегі шығындары азайту кезеңінде техникалық және экологиялық қауіпсіздікті ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты нарықтық жағдайда электр жабдықтарының тиімді де орнықты жұмысын қамтамасыз ету, тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

"KEGOC" АҚ бұл жобаны қаржыландыруды ЕҚДБ-нің 255 млн. еуро мөлшеріндегі кепілсіз қарыз қаражатына жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны