23.09.2016, 09:59 4894

Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі индустриялық аймақ құруға берілген

Жалпы 1,4 га жер теліміне 232 млн.теӊге көлемінде инвестиция тарту көзделуде.

Кентау. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Кентау қаласында жалпы көлемі 25 га жер телімі индустриялық аймақ құруға берілген. Бұл туралы Кентау қаласыныӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардыӊ орындалуы және ағымдағы жыл жетістіктері бойынша жолдаған ақпаратында Кентау қаласы әкімініӊ орынбасары Рашид Мыӊбаев баяндады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икімніӊ орынбасары жолдаған ақпаратқа сәйкес, индустриялық аймаққа 1 419,0 млн теӊгеге инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, 1 943,5 млн.теӊгелік құны бар 4 жобаны жүзеге асыру арқылы 145 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

"Индустриялық аймақтыӊ 4,85 гектарына 4 жоба орналастырылған болса, 4,3 гектар жер телімі инфрақұрылым жүйесіне бөлініп берілген, қалған жер көлемі 15,85 гектарды құрап отыр",- дейді Р.Мыӊбаев.

Оныӊ айтуынша, сонымен қатар индустриялық аймаққа қызығушылық танытып, алдағы уақытта орналасуға ниет білдерген 3 кәсіпкермен жұмыстар атқарылуда.

Жалпы 1,4 га жер теліміне 232 млн.теӊге көлемінде инвестиция тарту көзделуде.

"Шағын және орта бизнес - Кентау қаласыныӊ экономикасын дамытуға үлесін қосып отырған саланыӊ бірі. Қала бойынша іс-әрекеттегі ШОБ субьектілерініӊ саны, статистикалық деректерге сәйкес, 2016 жылдыӊ 7 айында 2927 бірлікті құраса, 2015 жылдыӊ осы кезеӊінде 3318 бірлік болып, 88,0% құрап отыр",- дейді Р.Мыӊбаев.

"Жұмыс істейтін ШОБ субьектілерініӊ кемуі ҚР Қаржы министрлігініӊ Мемлекеттік кірістер комитетініӊ жеке кәсіпкерлер базасы мәліметініӊ жандандырылуынан және шаруа қожалықтарыныӊ жер телімдерініӊ заӊға сәйкес мемлекет меншігіне қайтарылуы мен 32 шаруа қожалығы өрағаларыныӊ қайтыс болуы себепті кірістер басқармасыныӊ жұмыс істеп тұрған есебінен шығарылып, 2015 жылдыӊ тиісті кезеӊімен салыстырғанда айырманыӊ туындауына негіз болып отыр",- деп түсіндірді қала әкімініӊ орынбасары.

Жұмыспен қамтылған адам саны 4154-ті құрап, 102 пайызға, өнім көлемі (жұмыстар, қызметтер) 11817,8 млн. теӊгені құрап, 114 пайызға артты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны