12.10.2016, 09:40 4238

Кентауда 10 ауданды электр энергиясымен қамти алатын трансформатор құрастырылып шығарылды

Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті. 2014 жылы - 26, 2015 жылы - 36 жаӊа өнім түрі шығарылса, 2016 жылы - 42 жаӊа өнім түрін шығару жоспарланып отыр.

Шымкент. 12 қазан. Kazakhstan Today - Кентауда 10 ауданды электр энергиясымен қамти алатын трансформатор құрастырылып шығарылды, деп хабарлайды Кентау қаласы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Өӊірдіӊ ғана емес, еліміздіӊ бетке ұстар кәсіпорын - Кентау трансформатор зауыты Қазақстанда тұӊғыш рет 80 мегаваттық трансформаторды құрастырып шығарды.

Бұл жемісті еӊбек тек зауытта ғана емес, республикада орын алып отырған тарихи жаӊалық деуге болады. Өйткені, Қаратау тәжіндегі құрастырылатын трансформатордыӊ еӊ қуаттысы 63 мегаваттыққа дейінгі болатын.

Айта кету керек, бір данасыныӊ өзі Кентау секілді 10 ауданды электр қуатымен қамтитын алпауыт трансформаторға қазіргі таӊда 4 тапсырыс түскен.

Басшылықтыӊ біліктілігі мен шебер ұйымдастырушылық қабілетініӊ арқасында Кентау трансформатор зауытыныӊ ұжымы өткен жылы үздік көрсеткіштерге қол жеткізді. Өнім көлемі межеленген жоспардан артық орындалып, 11 млрд теӊгеге жетті.

2015 жылдыӊ жырты жылдығында экспорт көлемі 33 пайызға өссе, биыл бұл көрсеткіш 40 пайызға көтеріліп отыр. Алдағы уақытта экспортты 50 пайызға жеткізу жоспарлап отырған зауытта 1100 қала тұрғыны үш ауысымда тұрақты еӊбек етеді.

Осылайша, дағдарыстан дамуға бет алған зауыт қазірдіӊ өзінде 2017 жылғы қаӊтар айына дейін жететін тапсырыстар қабылдап, келісім-шарттар жасасып қойған. Тапсырыс берушілердіӊ көпшілігі шет елдік компаниялар. Тіпті, кейбір мемлекеттер 3 жылға дейін келісім-шартқа отырған.

"Еуразиялық Экономикалық Одақтыӊ" жемісін көріп отырған бірден-бір компания жақында ғана Беларусь мемлекетінен тапсырыс алды. Бұл тарихта болмаған оқиға. Ал Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де елдерден келіп жатқан тапсырыстардыӊ да көлемі артып келеді.

Жаӊа техникамен жарақтандырылуға және жаӊа өнім шығаруға зауыт басшылығы әрдайым басымдық береді. Кеӊес Одағы тұсындағы жабдықтар қазір жарамсыз. Сондықтан зауыт құрылғалы бері мұндағы технологияныӊ барлығы түгелімен жаӊаланды. Өндіріс көлемі 20 жылда 20 есеге өсті. 2014 жылы - 26, 2015 жылы - 36 жаӊа өнім түрі шығарылса, 2016 жылы - 42 жаӊа өнім түрін шығару жоспарланып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны