14.02.2008, 16:05 2989

Кентаудың трансформаторлық зауытының басшылары Яссауи атындағы ХҚТУ негізінде электрэнергетика факультетін ашуды ұсынуда

Кентаудың трансформаторлық зауытының басшылары Яссауи атындағы ХҚТУ негізінде электрэнергетика факультетін ашуды ұсынуда

Шымкент. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгіня" - Қазақстанда трансформаторлық құрылысты дамыту үшін Қазақстанда электрэнергетикалық факультетін, кейін осы сала бойынша ғылыми зерттеу институтын ашу қажет, деп мәлімдеді журналистерге берген сұхбатында "Кентау трансформаторлық зауытының" бас директоры Серғазы Күнтуаров.

"Генераторлар мен трансформаторлар электротехника саласының темірқазығы болғандықтан және бұл өндірістер Кентауда шоғырланған. Болашақта ол Түркістанда да болу мүмкін. Осыған орай біз үкіметке Яссауи атындағы ХКТУ негізінде электр энергетикасы факультетін ашу туралы ұсыныс жасадық. Кейін оның базасында электрэнергетика және трансформатор құрылысының қуатты ғылыми зерттеу институтын құруға болады ", - деді С. Күнтуаров.

Бас директордың айтуынша, зауыт 48 жыл бойы орта кернеуі 6-10 кВт құрайтын трансформаторларды шығарып отырды". Ал кернеуі 35,110, 220, 500 кВт өнімді шығару әдісімен айналыспадық, бірақ жоғары кернеулі электртехникалық құрал- жабдықтардың нарықтағы көлемін жіті зерттедік. "35-500 кВт қосалқы блоктық стансалары мен трансформаторлардың өндірісі" атты жобасы бойынша күрделі дайындық жұмыстары жүргізілді", - деп түсіндірді С. Күнтуаров.

Бас директор айтқанындай, бұл жобаны жергілікті атқару билік өкілдері құптап, енді Түркістанда жүзеге асырылатын болады. Өнім YASSY TRANSFORMER брендімен шығарылатын болады.

Алайда, "зауытты салып, құрал жабдықтарды сатып алу үшін, көп ойланудың қажеті жоқ . Ал технологиялық сатыны құрап, кәсіби мамандарды даярлап, нарықта бәсекелестікке төтеп бере алатындардың қатары аз. Республикада энергетика саласында жоғары тәжірибелі мамандардың жетіспейтінін мойындау керек. Ал трансформаторлық құрылыс саласында тіптен жоқ. Сондықтан өндіріс саласына бас сұғатындар некен саяқ", - деп есептейді С. Күнтуаров.

Оның пікірінше, Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде жаңа электрэнергетикалық факультетін құру өте маңызды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны