14.12.2007, 16:46 2709

Қырғызстан үкімет кепілдігімен несие алудан бас тартып отыр

Қырғызстан үкімет кепілдігімен несие алудан бас тартып отыр

Бішкек. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан үкімет кепілдігімен несие алудан түбегейлі бас тартып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының қаржы министріне сілтеме жасай отырып. "Сырттан қарыз алуға қатысты өте қатал ұстаным - республиканың сыртқы қарызын жабу жөніндегі біздің министрліктің әзірлеген маңызды стратегиясы",- деп мәлім етті бүгін Қырғызстан Республикасының қаржы министрінің міндетін атқарушы Ақылбек Жапаров.

"Ол президенттің ұстанымын толық қуаттайды: мемлекет тарапынан ешқандай бағдарламаға ешқандай кепілдік берілмейді. Бұдан былай сырттан қарыз алу тек қана Халықаралық даму қауымдастығы шартында жасалады - 40 жылға 0,75 пайыз немесе кепілдік-элементі - 40 пайыздан кем емес",- деп қосты ол.

Бұл саладағы саясатты қатайту, А. Жаппаровтың айтуынша, 2 млрд АҚШ долларынан асып жығылатын сыртқы қарыздарды жабу қажеттілігінен туындаған. "Біз Халықаралық даму қауымдастығының қағидаларын ұстана отырып, кепілдік негізінде Қырғызстанның Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Ислам даму банкі сияқты дәстүрлі серіктестерінен жыл сайын 100 млн АҚШ доллары көлемінде қаржы тарта аламыз. Және де осылай бюджет тапшылығын жабамыз. Ал оның кіріс бөлігін жақсарту және бюджеттің өзін 2,5 - 3 есеге өсіру есебінен сыртқы және ішкі қарыздарды тұрақты жабуға, сонымен қатар даму бюджетін қалыптастыруға болады",- деп атап өтті ол.

А. Жапаровтың айтуынша, республика үшін қайта құрылымдауға және төлеу мерзімін кейінге шегеруге келмейтін, көп жақты берешектерді қайтаруға тура келетін 2008 - 2010 жылдар ең қиын-қыстау кез болмақ. Негізгі сыртқы қарызды жабу үшін жыл сайын 80 млн АҚШ долларына дейін қаржы жұмсауға тура келеді. "Осы үш жылдан кейін қаржылық қиындықтар жеңілдейді",- деп санайды А. Жапаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны