29.01.2007, 11:18 2951

Қырғызстанда 2006 жылы коммерциялық банктердің несие портфелі 47 пайызға өскен

БІШКЕК. 29-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанда 2006 жылы коммерциялық банктердің несие портфелі 11 350,3 млн сомды (282,6 млн АҚШ доллары) құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 47,17 пайызға өскен. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Қырғызстан Республикасының Ұлттық банкінің сыртқы және қоғамдық байланыстар бөлімінен хабарлады.

Қырғызстанның Ұлттық банкінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жылы аталмыш несие көрсеткіші 7712,2 млн сомды (192 млн АҚШ доллары) құрап, 32,85 пайызға өскен.

2006 жылдың 11 айында Қырғызстан Республикасының коммерциялық банктерінің несие бойынша орташа пайыздық ставкасы ұлттық валютада 25,78 пайызды (2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,39 пайызға өскен), шетелдік валютада 17,28 пайызды (0,38 пайыз) құраған.

Сонымен қатар, өткен жылы республиканың қаржы институттарының депозиттер көлемі 28,77 пайызға көтеріліп, желтоқсан айының аяғында 16 806,9 млн сомға (418,4 млн АҚШ долларына) жетті. Бұл көрсеткіш 2006 жылдың 12 айында 59,06 пайызға өсіп, 13 052,1 млн сомды (325 млн АҚШ долларын) құраған.

Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, Қырғызстанның 2006 жылғы сауда балансының сальдосы 920,7 млн АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 418,7 млн АҚШ долларын құраған болатын.

Сомның АҚШ долларына шаққандағы орташа жылдық айырбастау бағамы 1 долларға шаққанда 40,16 сомды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны