04.02.2008, 18:11 2788

Қырғызстанда халықтың электр қуатын тұтынуы жыл сайын 30 пайызға өсу үстінде

Қырғызстанда халықтың электр қуатын тұтынуы жыл сайын 30 пайызға өсу үстінде

Бішкек. 4-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда халықтың электр қуатын тұтынуы жыл сайын 30 пайызға өсуде. Мұндай мәліметтерді бүгін өткен "Жоғары күш түсу және құралдардың тозуы - себебі мен салдары" атты дөңгелек үстелде "Северэлектро" ААҚ бас директорының бірінші орынбасары Жәлел Арыстанов жариялады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта электр қуатын тұтыну "пирамидасы" төңкеріліп түскен. Егер бұрын өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы белсенді тұтынушы болса, қазір оның орнын қарапайым халық басып отыр. Оның үлесі 60 пайызды құрайды.

Сонымен бірге, дөңгелек үстелде Бішкек ЖЭО-ның жұмыс режимі талқыланды. "Электр станциялары" ААҚ бас директорының орынбасары Жолдошбек Назаровтың айтуынша, Бішкек ЖЭО құрал-жабдықтарының 70 пайызының пайдалану мерзімі өтіп кеткен.

Атап айтқанда, ол Бішкек ЖЭО екі трансформаторы өздерінің тәуліктік мөлшерлемесін 15-20 пайызға артық орындап отырғанын атап көрсетті. Кейде бұл көрсеткіш 30 пайызға дейін жетеді.

Алдағы күндері Қырғызстан Республикасының үкіметі 2010 жылға дейін арналған Ұлттық энергетикалық бағдарламаны және 2025 жылға дейін арналған Энергетикалық даму стратегиясын қарастырмақ. Бұл жөнінде дөңгелек үстел барысында Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігінің өнеркәсіп пен энергетиканың перспективалық даму бөлімінің бастығы Алмазбек Бибосынов хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны