16.01.2008, 16:18 1550

Қырғызстанның Қаржылық бақылау қызметі қаржы нарығын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасын бекітті

Қырғызстанның Қаржылық бақылау қызметі қаржы нарығын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасын бекітті

Бішкек. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғыз Республикасының Қаржы нарығын бақылау және реттеу қызметі қаржы нарығын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды агенттік мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бағдарламаның басты мазмұны Қырғызстанда бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, міндетті сақтандыру түрлерін енгізу, мемлекеттік емес зейнетақы жинақтаушы қорларды дамыту, негізгі құралды қайта бағалау мәселелері, қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын енгізу, сондай-ақ, елдің тәуелсіз несиелік рейтингін алуға саяды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бағдарлама бекітілген отырыста Қырғыз Республикасының Қаржы нарығын бақылау және реттеу қызметінің төрағасы Юруслан Тойчубеков сөз сөйледі. Оның пікірінше, қазіргі жағдаймен қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырудың шараларының жоспарын жасаудың маңызы зор.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны