11.11.2011, 14:14 3805

Қыркүйек айында халықтың жан басына шаққандағы кірісі жылдық көрсеткіште 15,2 пайызға өскен

Қырқүйекте халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналдық ақшалай кірістері 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 15,2%-ға артып,Т46 057 құрады.

Астана. 11-қараша. Kazakhstan Today - Қыркүйек айында халықтың жан басына шаққандағы кірісі жылдық көрсеткіште 15,2 пайызға өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қырқүйекте халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналдық ақшалай кірістері 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 15,2%-ға артып,Т46 057 құрады. Нақты ақшалай кірістер 5,9%-ға өсті, делінген ҚР статистика агенттігінің ақпаратында.

Статмәліметтерге сәйкес, 2011 жылдың қырқүйегінде жан басына шаққандағы орташа кірістердің көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы қаласы және Маңғыстау облысы көшбасшылар қатарында, мұнда бұл көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,3-1,7 есе көп.

Қырқүйекте кірісі ең төмен өңірлер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары болды, оларға халықтың кіріс көрсеткіші республикалық деңгейдің 62% және 75,1% құрады.

Сонымен бірге, Ақмола және Қызылорда облыстарында халықтың нақты ақшалай кірістері ең көп өскені байқалды.

2011 жылдың қырқүйегінде аймақтар бойынша номиналдық ақшалай кірістердің ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткіштерінің арасындағы қатынас 3,7 есе (2010 жылдың қырқүйегінде - 3,7 есе) болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны