18.06.2012, 11:04 2996

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 4,2%-ды құрды

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-мамырда 2011 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 104,2% құрды, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор өсімі 4,2%-ды құрды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-мамырда 2011 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 104,2% құрды, деп хабарлайды ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2012 жылғы қаңтар-мамырда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1541,3 млрд. теңгені құрды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 5,9% артық.

2012 жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6775,3 млрд. теңгені құрды, бұл 2011 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,3% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,2% төмендеді. Өңдеу өнеркәсібінде 6,8%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 6,5% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 1,6% өндіріс төмендеуі байқалды.

2012 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 345,8 млрд. теңгені құрып, 2011 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 6,3% кем.

2012 жылғы қаңтар-мамырда жүк айналымының көлемі 183,2 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 15,2% өсті.

Есепті кезеңде бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 1570,7 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 11,9%, көтерме сауда көлемі 3884,8 млрд. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 15,5%, тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 75,1 млрд. теңгені құрады және 2011 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 12,6% өсті.

2012 жылғы қаңтар-сәуірде сыртқы сауда айналымы 41928,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2011 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 21,6% өсті, оның ішінде экспорт - 29480,5 млн. АҚШ долларын (18,4% өсті), импорт - 12448,2 млн. АҚШ долларын құрады (30% өсті).

2012 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 309364 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,8% артты, оның ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар - 293053 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 171344 құрады, оның ішінде 156091 бірлік - шағын кәсіпорындар. Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 223354 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% артты.

Тұтыну баға индексі 2012 жылғы мамырда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,4% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар - 2,2%, азық-түлік емес тауарлар - 1,6%, ақылы қызметтер көрсетуге - 3,5% артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы мамырда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 5,1% артты.

2012 жылғы сәуірде халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 49450 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы сәуірмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 13,8%, нақты ақшалай табыстар үшін - 8,6% құрады.

2012 жылғы сәуірде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 97568 теңгені құрады. 2011 жылғы сәуірге қарағанда 17,2% өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы сәуірге 111,8% құрады.

2012 жылғы мамырдағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 473,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы мамырдың соңына 70,5 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8%.

Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,3% құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны