23.05.2014, 22:16 3536

Қытай Қазақстаннан 100 мың тонна бидай сатып алмақ

Бұдан бөлек, екі ел арасында бидай саудасы көлемін арттыру мақсатында, сонымен қатар үшінші елдерге транзитті сауданы жүзеге асыру үшін екі жақ ауыстырып тиеу үшін бидай терминалының құрылысын бірлесе қаржыландыру сұрағын қарастыруға ықыласын білдірді.

Алматы. 23 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Репсубликасы арасында ынтымақстастық және бидай саудасы бойынша шектелмелі келісім жасалды, деп "ҚазАгро" ҰХ" хабарлады.

Қазақстандық бидайдың көрші елге экспорттық жеткізілімдерін нығайтуды көздеген құжат екі елдің атынан "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы Дулат Айтжанов пен "Корпорация КОФКО Лимитед" Қытай Ұлттық компаниясының вице-президенті Цзинтао Чжи қолдарымен бекітілді.

Сауда саласында ынтымақтастықты нығайту бойынша қытайлық әріптестермен келіссөздерді "ҚазАгро" Ұлттық холдингі ағымдағы жылдың басынан жүргізуде, келіссөздер қорытындысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 19-20 мамыр аралығында ҚХР-на барған мемлекеттік сапары аясында Келісімге қол қою болып табылады.

Екі жақты мәмілеге сәйкес, "ҚазАгро" Холдингінің Қытай Халық Республикасына экспортты арттыру бойынша жоспарлары туралы хабардар КОФКО Корпорациясы, 2014/2015 жылдары аралығында нарықтық әділ бағамен "ҚазАгро" Холдингі тарапынан 100 мың тонна қазақстандық азық-түлік бидайын импорттауды көздеп отыр.

Бұдан бөлек, екі ел арасында бидай саудасы көлемін арттыру мақсатында, сонымен қатар үшінші елдерге транзитті сауданы жүзеге асыру үшін екі жақ ауыстырып тиеу үшін бидай терминалының құрылысын бірлесе қаржыландыру сұрағын қарастыруға ықыласын білдірді.

Келісімнің бір тармағына сәйкес қытай нарығында қазақстандық астыққа сұраныстың негізінде КОФКО Корпорациясы мен "ҚазАгро" Холдингі Қазақстан мен ҚХР арасында нарықтық экономиканың барлық қағидаларын сақтаумен сауданы жүзеге асыру шартында астық сауда көлемдерін арттыру бойынша барынша атсалысуға ниетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны