14.05.2018, 11:38 4689

Қытай компаниясы қуаттылығы 40 мыӊ тоннаға дейінгі ет комбинатын салуды жоспарлап отыр

Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Сиань қаласында 2018 жылғы мамыр айыныӊ 10 мен 13 аралығында ШЫҰ-ға мүше елдердіӊ арасында трансшекаралық эпизотиялық аурулармен күрес және мониторинг жүргізу бойынша конференция өтті.

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қытай Халық Республикасы Шэньси провинциясы Сиань қаласында 2018 жылғы мамыр айыныӊ 10 мен 13 аралығында ШЫҰ-ға мүше елдердіӊ арасында трансшекаралық эпизотиялық аурулармен күрес және мониторинг жүргізу бойынша конференция өтті.

Конференция аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасыныӊ төрағасы Ни Йефэн Қытайға рапс күнжарасын экспорттау туралы фитосанитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сондай-ақ қытайлық тарап Қазақстанныӊ 5 облысы (ШҚО, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оӊтүстік Қазақстан облыстары) вакцинациялау арқылы аусылдан босатылған таза аймақ мәртебесін алғанын атап өтті. Соныӊ нәтижесінде Қазақстаннан ветеринарлық сертификаттар бойынша Қытайға мал өнімдерін және тірі жануарларды жеткізу мүмкіндігі туды. (2016 жылы ҚХР Қазақстанныӊ 9 аймағына вакцинациясыз аусылдан босатылған таза аумақ мәртебесін берді). Нодулярлы дерматитке қатысты шектеулер еліміздіӊ барлық аумағынан алынды, бұл жақын арада ҚР-дан ҚХР-ға экспортталатын сиыр етіне қойылатын ветеринарлық талаптар туралы хаттамаға қол қоюға мүмкіндік береді.

Экспорттаушы кәсіпорындар тізіміне енгізілетін қытайлық сарапшылардыӊ арпа және жүгері өндіретін қазақстандық кәсіпорындарға тексеру жүргізуі жөнінде келісімдер жасалды.

Жұмыс сапары барысында Өмірзақ Шөкеев Қытай Халық Республикасыныӊ партиялық және үкіметтік ұйым басшыларымен кездесті. Тараптар өзара сауда-саттықтыӊ "Бір белдеу - бір жол" жобасы аясында оӊ көрсеткішке ие болғанын атап өтті.

Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі бизнес-компаниялардыӊ қатысуымен дөӊгелек үстел форматында өткен жиында Ауыл шаруашылығы министріне республикамыздан Қытайға импортты одан әрі дамыту туралы сұрақтар қойылды. Атап айтқанда, табиғи шикізаттан витаминдер мен косметика өндіретін "Shaanxi Golden Crown Farming" фермасы 100 тонна ланолин өндіру үшін Қазақстаннан 5 мыӊ тонна қойдыӊ жүнін сатып алуға қызығушылық танытуда. Ал "Xian Silk Road" компаниясы басшылығы Қазақстанныӊ ҚХР-ге бал импорттауға арналған жеткізушілер тізіміне енгізу рәсімініӊ аяқталуын асыға күтуде. Аталған кәсіпорын Шығыс Қазақстан облысынан 1000 тонна бал өнімдерін жеткізу туралы келісімшартқа ие. "Shaanxi Food and Agriculture" компаниясы қуаттылығы 40 мыӊ тоннаға дейінгі ет комбинатын салуды жоспарлап отыр, компания өкілдері өндіріс орнын таӊдау үшін Астана мен Алматы қалаларына барып, қазақстандық серіктестермен келіссөздер жүргізді.

Қытай - тек географиялық жақын орналасқан көршіміз ғана емес, біздіӊ ауылшаруашылық өнімдерін сату үшін үлкен нарыққа ие Қазақстанныӊ стратегиялық серіктесі. Ынтымақтастықтыӊ барлық салаларында серпінді дамып келе жатқанын сеніммен айтуға болады. Оған дәлел, бірнеше жыл бойы қытай нарығына қазақстандық өсімдік майы мен ұн өнімдерін жеткізіп келген Aiju компаниясы. Қазақстандық делегация астық пен майдыӊ қайта өӊделуімен жасалған, маркерленген "Қазақстанда жасалған" белгісі қойылған өнімдермен танысты. Мұндай өнімдер қытайлықтар арасында үлкен сұранысқа ие екендігін атап өту керек.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын арттыру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытайлық тарап арасында осы уақытқа дейін балық өнімдерін, асыл тұқымды жылқы, мұздатылған қой, бал, бидай, кебек, соя және сойылған жылқыларды тасымалдау бойынша хаттамаларға қол қойылған болатын.

Осы жылы қытайлық тараппен сиыр етіне, сойылған ұсақ малдар, бір өркешті түйелерге ветеринарлық талаптарды және арпа, жүгері, зығыр, бұршақ, сафлор және қауын тұқымдарына (асқабақ тұқымы, қарбыз, қауын) фитосанитариялық талаптарды келісу жоспарлануа.

Бұдан басқа, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарынан астықты жөнелтуге рұқсат алу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Қазіргі уақытта Ақмола облысы, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарынан 67 астық қабылдау пункттерінен жөнелтуге рұқсат етілген.

Сондай-ақ, қазақстандық аграрлық ғалымдар тобы Янлин деп аталатын ғылыми-өндірістік әкімшілік ауданында ауыл шаруашылығы өндірісініӊ алдыӊғы қатарлы технологияларды пайдаланатын кәсіпорындардыӊ жұмысымен танысуда.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетініӊ деректері бойынша 2017 жылғы Қазақстан мен Қытай арасында ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ тауар айналымы 345,0 млн. АҚШ долл. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 32 % артты (261,0 млн. АҚШ долл.).

2017 жылы Қытайға АӨК өнімдерін экспорттау 180,5 млн. АҚШ долл. құрап, 34,3 % артты (134,4 млн. доллардан 180,5 млн. долларға дейін)

Бидайдыӊ экспорты 306,9 мыӊ тонна немесе 57,5 млн. АҚШ долларын құрады (2016 жылы бидай экспорты 281,1 мыӊ тоннаны немесе 52,4 млн. АҚШ долларын құрады).

- мұздатылған балық 2,2 есеге (1301 тоннадан 2883 тоннаға дейін немесе 1,4 млн. АҚШ долл. 3,2 млн. АҚШ долл дейін),

- күнбағыс тұқымдары 1,7 есеге (73,8 мыӊ тоннадан 123,7 мыӊ тоннаға дейін немесе 18,6 млн. АҚШ долл. 32,8 млн. АҚШ долл. дейін),

- басқа да майлы дақылдардыӊ тұқымдары мен жемістері 1,1 есеге (31,6 мыӊ тоннаддан 36,7 мыӊ тоннаға дейін немесес 8,0 млн. АҚШ долл. 8,9 млн. АҚШ долл. дейін),

- күнбағыс майы, мақта 2,3 есеге (11,5 мыӊ тоннадан 27,0 мыӊ тонаға дейін немесе 10,1 млн. АҚШ долл. 21,9 млн.АҚШ долл. дейін),

- соя майы 7,3 есеге(578 тоннадан 4238 тоннаға дейін немесе 0,5 млн. АҚШ долл. 3,4 млн. АҚШ долл. дейін),

- расп майы 1,6 есеге (5,2 мыӊ тоннадан 8,7 мыӊ тоннаға дейін немесе 4,3 млн. АҚШ долл. 6,7 млн. АҚШ долл. дейін),

- мақта талшығы 1,6 есеге (300 тоннадан 2650 тоннаға дейін немесе 0,4 млн. АҚШ долл. 4,1 млн. АҚШ долл.дейін) артты.

Соымен қатар, 2017 жылы Қытайға алғаш рет төменде көрсетілген өнімдер экспортталды:

- соя - 7,7 мыӊ тонна немесе 3,1 млн. АҚШ долл.,

- асыл тұқымды жылқы - 68,9 тонна (228 бас) 190,0 мыӊ АҚШ долл.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс басқармасы

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны