10.07.2017, 18:13 4436

Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауын электрмен қамту жұмыстарыныӊ бірінші кезеӊіне облыстық бюджеттен 900 млн.теӊге бөлінді

"Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеӊі" жобаныӊ құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 900 млн.теӊге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандары.

Қызылорда. 10 шілде. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ алғашқы жартыжылдығында Қызылорда облысын электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытындағы бастаманыӊ бірі - "Сарман-Тастақ-Жаӊақорған" ЖШС электрмен жабдықтау" жобасы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жоба аясында 0,4 шақырым 35 кВ әуе желісі жүргізіліп, қуаттылығы 630 кВА 1 жиынтық трансформаторы орнатылады. Нәтижесінде ағымдағы жылы Қызылорда облысы Жанақорған ауданындағы қыш, ұсақ тас және темірбетон зауыты тұрақты электрмен жабдықталады.

"Қызылорда қаласы Сырдария өзенініӊ сол жақ жағалауын электрмен қамту, 1 кезеӊі" жобаныӊ құрылыс монтаждау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 900 млн.теӊге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мамандары.

Сонымен қатар, "Қармақшы ауданы Төретам кентіндегі 35/10 кВ №22 ҚС-сын кеӊейту және қайта жаӊғырту", "Қармақшы ауданы Төретам кенті мен Ақай а/о 6-10/0,4 кВ электр желілерін кеӊейту және қайта жаӊғырту", "Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 220/35/10 кВ "Жосалы" ҚС-сын қайта жаӊғырту" жобаларыныӊ ЖСҚ әзірлеу үшін жобалаушылармен жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Ал "Қызылорда облысы Сырдарья ауданы Бесарық елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаӊғырту" жобасыныӊ құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық бюджеттен 30 млн. теӊге бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны