26.10.2017, 16:55 7170

Қызылорда облысы 9 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылады

Айта кетейік, 15-16 қарашада өӊірге келетін инвесторлардыӊ алаӊына айналған Қызылорда мен Байқоӊыр қалаларында кезекті "Байқоӊыр-инвест" халықаралық форум өтеді.

Қызылорда. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ 9 айдағы атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы облыс әкімдігініӊ кеӊейтілген мәжілісінде талқыланды. Жалпы зерттеу бойынша өӊірдіӊ жетістіктері оӊ нәтижеге ие. Дегенмен, алда атқарар жұмыстар да ауқымды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев "ендігі жерде үгіт-насихатты емес, нақты іс-қимылды күшейту керек" деп атап өтті.

Кеӊейтілген мәжілісте облыс әкімініӊ орынбасарлары мемлекеттік бағдарламалардыӊ атқарылуы мен Елбасы тапсырмаларыныӊ орындалуы туралы есептерін берді.

Мысалы, жыл басынан бері аграрлық салада өнім көлемін көбейтуде және ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттауда тұрақты өсім бар. Аймақ еӊбеккерлері жарты миллионнан астам тонна күріш жинап, кезекті рет рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Орташа өнім көлемі гектарына - 55,3 центнерден келеді.

Есепті кезеӊде облыстыӊ өнеркәсіп кәсіпорындарымен 547,9 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілді. Жеӊіл, химия өнеркәсібі және мұнай өӊдеу өнімдерін өндірудіӊ артуы есебінен өӊдеу өнеркәсібінде өсім 6,2 пайызға қамтамасыз етілді (78,2 млрд. теӊгеніӊ өнімі өндірілді).

"Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ аясында пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 36,4 пайызға өсіп, 467,0 мыӊ ш.м. құрады. Биыл облыста 47 тұрғын үйдіӊ құрылысы жүргізілуде, оныӊ 24 пайдалануға берілген.

Индустрияландыру картасы шеӊберінде облыста 20 жоба жүзеге асырылып, бүгінде 16-ы толық өндірістік қуаттылыққа шықты.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған кәсіпорындар экспорттаған өнім көлемі соӊғы жылы 23 пайызға өсті (2017 жылдыӊ 8 айында 3,9 млрд.теӊге), ал импорттаушы елдердіӊ саны 8-ден 11-ге өсті (Ресей, Қырғызстан, Изербайжан, Дания, Тәжікстан, Ауғанстан, Қытай, Ұлыбритания, Польша, АҚШ, Тайвань).

"Халықтыӊ әл-ауқатын арттыру - біздіӊ басты міндетіміз. Насихат пен түсіндіру жұмыстарыныӊ уақыты өтті. Ендігі жерде нақты іс-қимылды күшейтетін кез келді. Исіресе, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша. Өмірде өз орнын таппаған жандар әлеуметтік мәселеніӊ туындауына себепкер болып жатады. Сондықтан, біз келешекте еӊбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жерлестерімізді оқытуды қолға алып отырмыз. Қуанатын жайт, биыл мектеп бітірген қызылордалық түлектердіӊ 97 пайызы жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсті. Осылайша, жастарға сенімді болашаққа бағыт беріп қана қоймаймыз, маргинал жастардыӊ қатарыныӊ азайуына да өз үлесімізді қоса аламыз", - деді облыс әкімі.

Тек жыл басынан бері өӊірге 11 елдіӊ өкілдері келіп, өнеркәсіп, кәсіпорындар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өӊдеу, білім беру және т. б. салалардағы бірлескен жобаларды талқылады.

Айта кетейік, 15-16 қарашада өӊірге келетін инвесторлардыӊ алаӊына айналған Қызылорда мен Байқоӊыр қалаларында кезекті "Байқоӊыр-инвест" халықаралық форум өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны