16.06.2017, 11:21 5176

Қызылорда облысы аумағындағы сібір жарасы індеті ошақтарына қатысты жұмыстарға жергілікті бюджеттен 47,2 млн.теӊге қаржы бөлінді

Қызылорда облысы аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 базар жұмыс жасайды. Олардыӊ ветеринариялық сараптама зертханаларында алғашқы тоқсанда 1755 МІҚ ұшасы, 307 жылқы ұшасы, 1014 уақ мал ұшасы тексеруден өткізілді. Ал осы уақыт аралығында аймақтағы 4 мал базарында 4179 сиыр, 2397 жылқы, 2555 уақ мал саудаланған.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы аумағында ветеринариялық бақылауға жататын өнімдерді сататын 16 базар жұмыс жасайды. Олардыӊ ветеринариялық сараптама зертханаларында алғашқы тоқсанда 1755 МІҚ ұшасы, 307 жылқы ұшасы, 1014 уақ мал ұшасы тексеруден өткізілді. Ал осы уақыт аралығында аймақтағы 4 мал базарында 4179 сиыр, 2397 жылқы, 2555 уақ мал саудаланған.

Облыс бойынша мал көмінділерініӊ жалпы саны 146 болса, оныӊ ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай салынғаны 69. Осыған орай типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен кезеӊ-кезеӊімен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар облыс бойынша мал өлекселерін өртейтін 8 жылжымалы, 32 стационарлық инсинератор пештері жұмыс жасап тұр.

Облыс аумағында тіркелген 67 сібір жарасы індеті ошағыныӊ 60-ныӊ (Арал-14, Қазалы-11, Қармақшы-2, Жалағаш-14, Сырдария-6, Шиелі-5, Жаӊақорған-7, Қызылорда-1) координаттары нақтыланды. Ошақтарды қоршап, белгі қою, мемлекеттік жер кадастрыныӊ автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 47,2 млн.теӊге қаржы бөлінді.

Сібір жарасы індеті ошақтарыныӊ орналасқан жерлерініӊ дәл координаттары көрсетілген топографиялық карталарын әзірлеу үшін ҚР АШМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетініӊ "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен келісім-шарт жасалып, ошақтардыӊ топографиялық карталарын түсіру жұмыстары жүргізілді.

Облыс бойынша нақтыланбаған 7 сібір жарасы ошағыныӊ орналасқан орны белгісіздігі туралы "Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты" ЖШС мамандары акт жасады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны