17.05.2017, 14:34 4215

Қызылорда облысы бойынша биыл 68 378 гектар жер италиялық прус шегірткесін болдырмау мақсатында өӊделеді

Сала мамандарыныӊ айтуынша облыс бойынша биыл 68 378 гектар жер италиялық прус шегірткесін болдырмау мақсатында өӊделеді. Ал ерекше қауіпті азиялық шегіртке жайлауы мүмкін деген аймақ 84 947 гектар болып отыр. Бұл аумақ та химиялық өӊдеуден өтеді. Өӊдеу жұмыстарын 27 мамырдан 30 маусымға дейін жүргізу межеленуде.

Қызылорда. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ басты жауы - шегіртке. Ал оныӊ таралуын болдырмау үшін агротехникалық және фитосанитариялық күрес іс-шараларын уақытылы жүргізілуі тиіс. Зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды уақытылы, сапалы, тиімді жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, жұмыстар атқарылуда.

Бұл туралы кеше Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысыныӊ аумақтық инспекция басшысыныӊ орынбасары Жаннат Дүзелбаева мәлім етті.

"Зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шаралар" туралы жұмыс тобыныӊ бірінші отырысы өткізіліп, барлық аудан және қала әкімдеріне шегірткеге қарсы тиісті жұмыстарды уақытылы әрі сапалы ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар беріліп, тиісті шаралар атқарылуда.

Сала мамандарыныӊ айтуынша облыс бойынша биыл 68 378 гектар жер италиялық прус шегірткесін болдырмау мақсатында өӊделеді. Ал ерекше қауіпті азиялық шегіртке жайлауы мүмкін деген аймақ 84 947 гектар болып отыр. Бұл аумақ та химиялық өӊдеуден өтеді. Өӊдеу жұмыстарын 27 мамырдан 30 маусымға дейін жүргізу межеленуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны