11.07.2017, 16:14 4653

Қызылорда облысы елдімекендерін суландыру мақсатында 8 насос қондырғысы сатып алынады

Арал ауданы Қаратереӊ ауылдық округіндегі "Баян" каналы мен Бөген ауылдық округіндегі "Көкіш" каналыныӊ жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, сонымен қатар, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобаларын әзірлеуге 475,3 млн. теӊге бөлініп, қазіргі таӊда аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Биыл Қызылорда облысы елдімекендерін суландыру мақсатында 8 насос қондырғысы сатып алынады, деп хабарлайды табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасыныӊ мамандары.

Сондай-ақ, Арал ауданы Қаратереӊ ауылдық округіндегі "Баян" каналы мен Бөген ауылдық округіндегі "Көкіш" каналыныӊ жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, сонымен қатар, су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жобаларын әзірлеуге 475,3 млн. теӊге бөлініп, қазіргі таӊда аталған жұмыстар бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Қазалы қаласындағы "Горсовет" және "Дәулетарық", Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі "Алпамыс", Шиелі кентіндегі "Байсары", Қызылорда қаласындағы Қызылжарма және Жібек жолы каналдарын, Жаӊақорған ауданындағы Қыраш және Көлтоған су қоймаларындағы гидрометрикалық бекеттерді күтіп ұстап тұру да осы қаржы есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Шиелі ауданындағы Күміскеткен учаскесінде су қоймасын салу жобасыныӊ техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 31,4 млн.теӊге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны