20.09.2017, 16:31 4622

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша жалпы құны 78,7 млн. теӊгені құрайтын 29 жоба қаржыландырылды

-Қармақшы ауданында Кәсіпкерлер палатасыныӊ филиалымен жаӊа бағдарлама бойынша 107 азамат оқытылды. Қазіргі таӊда, осы азаматтардыӊ ішінде жалпы құны 78,7 млн. теӊгені құрайтын 29 жобасы қаржыландырылды. Ауыл азаматтарыныӊ басым бөлігі несиені мал шаруашылығына алуда,- дейді облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ Қармақшы ауданындағы филиал директоры Абзал Шоқпаров.

Қызылорда. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықты жұмыспен қамту, өӊірлерде кәсіпкерлікті дамытуды қамтамасыз ету үшін нақты іс-шараларды жүзеге асыру аясында "Атамекен" ҰКП ел Үкіметі қолдауымен "Бастау Бизнес" жобасын сәтті жүргізіп келеді. Аталмыш жоба аясында Қызылорда облыстық Қармақшы ауданы кәсіпкерлері жаӊа кәсіп иелерімен толықты.

-Қармақшы ауданында Кәсіпкерлер палатасыныӊ филиалымен жаӊа бағдарлама бойынша 107 азамат оқытылды. Қазіргі таӊда, осы азаматтардыӊ ішінде жалпы құны 78,7 млн. теӊгені құрайтын 29 жобасы қаржыландырылды. Ауыл азаматтарыныӊ басым бөлігі несиені мал шаруашылығына алуда,- дейді облыстық кәсіпкерлер палатасыныӊ Қармақшы ауданындағы филиал директоры Абзал Шоқпаров.

Қызылорда облыстық кәсіпкерлеп палатасы баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, "Бастау Бизнес" жобасы кәсіпкерлікті ауылда дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, ауыл халқыныӊ жұмыспен қамтылу деӊгейін бизнес-бастамалар мен халықты кәсіпкерлік негіздеріне жан-жақты үйрету арқылы көтеруді мақсат тұтады.

Ауданныӊ жас тұрғыны Қайырбек Ибен осы жоба аясында білім алып, бизнес жоспарын жасап, 3,5 млн.теӊге несие алды. Алынған қаражатқа Қайырбек өзініӊ бизнес жоспарына сәйкес "Маржан" жарнама агенттігін ашып, оған қажетті құрал-жабдықтар алды. Жас кәсіпкер бүгінде жұмысын бастап та кетті. Шағын екі бөлмені жалдап, тапсырыстар қабылдауда.

-"Бастау Бизнес" жобасы маған өз мақсатыма жетуге мүмкіндік беріп отыр. Жоба аясында бір ай біліктілігімді жетілдірдім. Бизнес-жоспарымды құрып, оны комиссия алдында қорғап, бүгінде қармақшылықтарға қызмет көрсетудемін, - дейді жас кәсіпкер Қайырбек Ибен.

Ашылғанына екі-ақ апта болған жарнама орталығы алғашқы тапсырыстарын қабылдап та үлгерді. Полигафиялық қызметтіӊ бірнеше түрін орындайтын орталыққа келген тапсырыс берушілер өз ризашылықтарын білдіруде.

"Бастау Бизнес" жобасы аясында кәсібін бастаған жас кәсіпкердіӊ алдағы жоспары да ауқымды. Ол келешекте офисін кеӊейтіп, қызмет түрлерін ұлғайтуды ойластыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны