19.06.2017, 11:28 4364

Қызылорда облысы кәсіпкерлері біліктілігін арттырды

Шара барысында Ғалия Икімбекова шағын шаруашылықтардыӊ ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірігуініӊ артықшылықтары жөнінде айтып, семинарға қатысушыларға еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперациясы мен кәсіпкерлік қызметтіӊ даму басымдығы туралы мағлұмат берді.

Қызылорда. 19 маусым. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП жанынан құрылған "Агробіліктілік орталығы" ЖШС мен Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасыныӊ бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердіӊ кәсіби біліктілігін көтеруге арналған шаралар бұл жолы өсімдік шаруашылығына арналды.

Қызылорда қаласындағы "Ы.Жақаев атындағы күріш ҒЗИ" ЖШС, Жалағаш ауданындағы "Байтабын" ЖШС, Шиелі ауданындағы "Ақмая" ШҚ базасында өткізілген "Өсімдік шаруашылығындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері" бағыты бойынша семинарда "Ауылдық елді мекендерді дамыту және АӨК экономикасы Қазақ ҒЗИ" ЖШС қызметкері, экономика ғылымдарыныӊ докторы Ғалия Икімбекова дәріс оқыды.

Шара барысында Ғалия Икімбекова шағын шаруашылықтардыӊ ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірігуініӊ артықшылықтары жөнінде айтып, семинарға қатысушыларға еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперациясы мен кәсіпкерлік қызметтіӊ даму басымдығы туралы мағлұмат берді.

Мұнан өзге, қызылордалық диқан - кәсіпкерлер салаға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар, яғни өздеріне қажетті қолданыстағы заӊдар мен қаулылар, ережелермен таныс болды.Жалпы семинар барысында қатысушылар қазір елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылығындағы кооперативтерге бірігудіӊ тиімділігі, кооперация мүшелерініӊ мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеӊ ақпарат алды.

Шара қорытындысымен семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Айта кету керек, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардыӊ барлық түрлері туралы ақпарат алғыӊыз келсе, "Атамекен" ҰКП байланыс орталығыныӊ 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыз. Қоӊырау шалу тегін.

Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс жасайтындығын назарларыӊызға саламыз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны