29.11.2017, 17:14 4697

Қызылорда облысы Қазақстан күрішініӊ 90 пайызын өндіреді

Қызылорда облысы Қазақстан күрішініӊ 90 пайызын өндіреді. Бұл туралы Қызылордада "Халықаралық ынтымақтастықты дамыту" тақырыбындағы "ІХ "Baikonyr Invest" форумында айтылды.

Қызылорда. 29 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Қазақстан күрішініӊ 90 пайызын өндіреді. Бұл туралы Қызылордада "Халықаралық ынтымақтастықты дамыту" тақырыбындағы "ІХ "Baikonyr Invest" форумында айтылды.

Форумға халықаралық және отандық бизнес өкілдері, қаржы институттарыныӊ, шетелдік және еліміздегі корпорациялар мен ғылыми-зерттеу институттарыныӊ жетекшілері, дипломаттар қатысты. Сондай-ақ, жиынға Ресей, Қытай, Өзбекстан, Иран, Түркия, Оӊтүстік Корея, Малайзия, Польша елдерінен арнайы делегациялар келді.

Форум облыстыӊ инвестициялық жобаларын насихаттайтын көрмеден бастау алды. Сонан соӊ жиынныӊ пленарлық отырысы өткізілді. Жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Қырымбек Көшербаев форум жұмысына сәттілік тілеп, аймақтыӊ инвестициялық мүмкіндіктеріне тоқталды.

- Бірінші кезекте Қызылорда облысыныӊ логистикалық мүмкіндігі жоғары екенін атап өту қажет. Облыстыӊ өне бойынан Сырдария өзені өтеді. Аймақ аудандары темір жолдыӊ бойында орналасқан. "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық магистралініӊ 800 шақырымы осы өӊірде орналасқан. Оныӊ үстіне "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры да, тауарларды Еуропаға жеткізуге мүмкіндік беретін "Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу" темір жолы да облыс территориясы арқылы өтеді. Өӊір елді мекендерініӊ 85 пайызы осы транспорттық инфрақұрылымдардыӊ маӊында орналасқан. Ол жерлерде аймақ халқыныӊ 93 пайызы тұрады, - деген облыс басшысы Қызылорда және Байқоӊыр қалаларындағы әуежайлардыӊ бүгінгі тынысын әӊгіме арқауына айналдырып, индустриялық-инновациялық бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды саралады.

Жалпы, өӊір экономикасыныӊ дамуына индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы тыӊ серпін берді. Бағдарлама аясында аймақта 20 жоба жүзеге асса, оныӊ ішінде облыс елді мекендерін газдандыру жұмысы да бар екенін айта кеткен абзал. Жуырда "Қараөзек" газ-компрессорлық станциясы іске қосылды. Ол еліміздіӊ солтүстік аймақтары мен Астанадағы газ құрылысы жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді. Келер жылы облыста үш тотықты молибден шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Өнім экспортыныӊ негізгі көлемі Жапонияныӊ үлесінде болады. Алдағы жылдыӊ шілде айында шыны зауытыныӊ алғашқы өнімін шығару көзделген. Сондай-ақ, келер жылы құрылыс саласында ғана емес, мұнай-газ және уран өндіруде кеӊінен қолданылатын тампонажды цемент шығаратын зауытты да іске қосу жоспарланған. Бұл кәсіпорындардыӊ барлығыныӊ да экспорттық әлеуеті жоғары екенін және жаӊа технологиялар енгізілгенін айтып өткен жөн. Жалпы, аймақ дамуында оӊ динамика бар. Ірі жобалар жүзеге асуда. Облыс басшысы британдық инвесторлармен бірлесіп "Баласауысқандық" ванадий кен орнында қара тақта тасты автоклавта өӊдейтін жоба жүзеге асырылып жатқанын айтып өтті.

- Қазір 110 тонна аммоний метаванадатын Тайваньға экспорттап үлгердік. Бұдан бөлек, Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу жобасын іске асыру бағытында жұмыс істелуде. Ал, газ поршеньді электр станциясыныӊ іске қосылуы электрмен қамтамасыз етуді жақсартып, аймақта өнеркәсіптіӊ дамуына мүмкіндік береді. "Шалқия" қорғасын-мырыш кен орнында тау-кен байыту комбинаты мен газтурбиналық электрстанциясыныӊ құрылысын бастадық. 2019 жылдан бастап тау-кен байыту комбинаты 2 млн тонна, ал, 2020 жылға қарай 4 млн тонна кен өӊдейтін болады. Комбинаттыӊ іске қосылуы 1500 жаӊа жұмыс орныныӊ ашылуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, осында гидрометаллургиялық зауыт құрылысы жобасын дайындау ісі басталды, - деді облыс әкімі.

Осы және басқа да индустриялық бағыттағы жұмыстарды атап өткен облыс басшысы шағын және орта бизнесті дамытуға, туризмді өркендетуге кеӊінен көӊіл бөлініп отырғанын жеткізді. Сөз арасында Арал теӊізі, Қамбаш көлі, Байқоӊыр ғарыш айлағына тоқталып, ауыл шарауашылығы саласындағы жетістіктерді сөз етті.

- Қызылорда облысы Қазақстан күрішініӊ 90 пайызын өндіреді. Облыстағы үш ауданда егілетін күріш республика халқын толықтай қамтамасыз етуге жетеді. Соӊғы бірнеше жылда облыс диқандары рекордты көрсеткіштерге қол жеткізіп, әр гектардан 56 центнерден өнім алды. Аграрлық саланы дамыту жұмыстарыныӊ арқасында ауыл шаруашылығы өнімдері басқа елдіӊ нарықтарына шығарылып жатыр, - деп атап өткен аймақ басшысы жуырда Иран Ислам Республикасыныӊ Мазандаран және Гүлістан провинцияларында жұмыс сапарымен болып, ынтымақтаса жұмыс жасау жөнінде 8 меморандумға қол қойылғанын мәлім етті.

Аймақ басшысы облыста жаппай кәсіпкерлікті дамытуды қолға алынғанын да атап өтті. Қазір әрбір қала, аудан, ауыл әкімдері жүйелі жұмыс жасауда. Осы мақсатта жуырда жиын өткізіп, шағын және орта бизнесті одан әрі қарай дамыту мәселелері көтерілді. Бұл тұрғыдан келгенде әрбір ауылда шағын кәсіпкерлік нысандары болу керек. Өйткені, елді мекендерге наубайхана, шаштараз бен монша қажет. Қараша айыныӊ соӊында елді мекендерді аралап, берілген тапсырмалардыӊ қаншалықты орындалғаны тексеріледі.

Ал ҚР Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев осындай айтулы іс-шараға қатысу үлкен мәртебе екенін айтып, бұл форумныӊ отандық кәсіпкерлерге жақсы мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Вице-министрдіӊ сөзіне сүйенсек, бұл инвестициялық форумныӊ Қызылорда облысыныӊ экономикасын одан әрі дамытуға оӊ септігін тигізеді. Аймақтардыӊ басқа елдірдіӊ өӊірлерімен тікелей қарым-қатынас жасауы оӊ нәтижесін беретінін тәжірибе көрсетіп отыр. Елбасымыздыӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында көтерілген мәселелерге орай бірқатар шаралар атқарылуда. Үкімет шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай туғызу мақсатындағы жұмыстарды жалғастырып келеді. Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған. Инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданып, жеӊілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ұлттық заӊнамалар мен халықаралық-құқықтық база әрдайым жетілдірілуде, инвестициялық жеӊілдіктер пакеті ұлғаюда. Дүниежүзілік қаржы дағдарысы жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып, инвесторлардыӊ сенімін нығайта түсті.

Жалпы, инвестициялық форумныӊ берері көп. Жұлдызды қала саналатын Байқоӊырдағы тіршіліктіӊ жаӊғырып, жандана түсуіне осы шаралардыӊ да септігі тиері анық. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетініӊ төрағасы Еркін Шаймағанбетов атап өтті.

Қазақстан үшін ғарыш саласыныӊ алар орны ерекше. Елімізде дүние жүзіндегі еӊ ірі "Байқоӊыр" ғарыш айлағы орналасқан. Илем біздіӊ ғарыш айлағымызды "Жердіӊ бірінші ғарыштық айлағы" деп мойындайды. Елбасыныӊ ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздіӊ ширекғасырлық тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырмалардыӊ нәтижелері екенін атап өткен жөн.

Мемлекет басшысы егемендіктіӊ алғашқы жылдарынан бастап ғарыш саласын дамытуға ерекше назар аударып келеді. Ғарышқа жол салған "Байқоӊырдыӊ" бүгінде екінші тынысы ашылды деуге де болады. Қазір "Байқоӊырды" ғарышқа бағытталған моноқала есебінде ғана емес, өнеркәсіп пен жоғары технология орталығы ретінде дамыту қолға алынды. Айлақтан "Бәйтерек" жаӊа ғарыш зымыран кешенін салу көзделіп отыр. Бұл байыпты бастамаға Қазақстанмен бірге Ресей тарапы да мүдделі. Еншілес екі мемлекет дамудыӊ жаӊа жобасын жасап, тиісті шараларды бастап та кеткен. Оныӊ іске қосылу уақыты 2025 жылдан 2022 жылға қарай ауыстырылды.

Иран Ислам Республикасы Гүлістан провинциясы экономиканы үйлестіру жөніндегі департаментініӊ директоры Юсеф Басанжиде көтеріліп, ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыстарға тоқталды.

Жиын барысында "АралСода" "Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны" АҚ басқарма төрағасы Динг Чао Ран және түркиялық "Y?ld?zlar SSS" холдингі энергетикалық тобыныӊ басшысы Эртем Суат, Корея Республикасыныӊ Қазақстандағы Бас Консулы Мин Джон Сын, еліміздегі Польша Республикасы елшісініӊ кеӊесшісі Скшидло Анджей сөз сөйлеп, ынтамақтастық аясында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Пленарлық мәжіліс соӊында облыс әкімідігімен және аймақ кәсіпкерлерімен Түркия, Қытай, Иран, Польша, Ресей, Өзбекстан елдерініӊ компанияларымен бірқатар меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны