30.10.2018, 14:45 6812

Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданында жаӊа қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатыныӊ құрылысы басталды

Жобаныӊ құны - 235 млрд. теӊге, қазігі уақытта 35 млрд. теӊге, оныӊ ішінде, 2018 жылы - 12 млрд. теӊгеден астам инвестиция игерілген.

Қызылорда. 30 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Жаӊақорған ауданында жаӊа қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатыныӊ (КБК) құрылысы басталды.

Болашақта байыту фабрикасы тұрғызылатын орынға құрылыс жұмыстарыныӊ басталуы іргесіне 2068 жылғы Шалқия ТБК қызметкерлеріне жолдау арналған "Уақыт капсуласын" салып, белгі қою рәсімімен салтанатты түрде өтті.

Құрылыстыӊ салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Алик Айдарбаев, "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясыныӊ Басқарма Төрағасы Қанат Құдайберген және ENGINEERING DOBERSEKGmbH мердігер компанияныӊ бас директоры Альбин Доберсек қатысты.

КБК жоғары сапалы мырыш және қорғасын концентраттарын шығаратын болады. Бұл өнімніӊ Қазақстанда, сонымен қатар әлемдік нарықтағы қажеттілігі елеулі деӊгейде өткізу нарығына кепілдік береді.

Жобаныӊ құны - 235 млрд. теӊге, қазігі уақытта 35 млрд. теӊге, оныӊ ішінде, 2018 жылы - 12 млрд. теӊгеден астам инвестиция игерілген.

Кен орыныныӊ дәлелденген қоры кенді 2051 жылға дейін өндіру және байыту мүмкіндігін көздейді.

"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ-ныӊ бас директоры Асқар Жаукенов "өнімділігі 2 млн. тоннаны құрайтын кешенніӊ 1-ші кезегін 2020 жылғы қазанда пайдалануға беру жоспарланып отыр, ал, қуаты 4 млн. тоннаны құрайтын кешенніӊ 2-ші кезегі өз жұмысын 2021 жылғы қарашада бастайды" деп хабарлады.

Жобаны іске асыру кезеӊінде 1500 адам жұмыс орнымен қамтамаыз етіледі.

Өӊірдіӊ экономикалық және әлеуметтік дамуы үшін осы салынатын кәсіпорынныӊ стратегиялық маӊыздылығын ескере отырып, Қызылорда облысыныӊ әкімдігі, "Шалқия Цинк" ЛТД" АҚ және ENGINEERING DOBERSEK компаниясы Шалқия КБК құрылысына байланысты мәселелерде бір-біріне өзара қолдау көрсету туралы келісті және тиісті меморандумға қол қойды.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: Бірегей техникалық және технологиялық шешімдер жоғары өнімділікті және энергиялық шығындардыӊ азаюын қамтамасыз етеді. Мысалы, кенді ұсатудыӊ бірінші кезеӊі жер астында жүзеге асырылады. Шикізатты шахтадан жер бетіне тиімділігі жоғары, биіктігі 200 м тік конвейер (Қазақстанда мұндай құрылғы болмаған) көтеретін болады.

ИНДУСТРИЯ 4.0. ЦИФРЛЫҚ КБК: "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ-ныӊ Жобаларды басқару жөніндегі басқарушы директоры Анатоий Лигайдыӊ айтуынша - "автоматтандыру мен диспетчерлеудіӊ жоғары деӊгейі өндірістік цикл туралы ақпараттыӊ онлайн қолжетімділігін, процессті және жабдықтарды қашықтықтан басқаруды қамтамасыз ететін болады. Бұл адами фактор әсерін төмендетеді және оныӊ нәтижесінде КБК тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.".

Кен байытудыӊ технологиялық схемасын әзірлеуге және оӊтайландыруға әлемдегі танымал компаниялар "Механобр", "Outotec", "Engineering Dobersek", "ТОМС" қатысты.

АНЫҚТАМА ҮШІН:

ENGINEERING DOBERSEK GmbH компаниясы 1983 жылы негізін қалаған, өнеркәсіптіӊ тау-кен, металлургия, энергетика, химия салаларында объектілерді жобалау және салуға мамандандырылған. 2018ылғы қыркүйекте ENGINEERING DOBERSEK Шалқияда КБК салуға арналған ЕРС-келісімшарты бойынша (Engineering, procurementandconstruction, яғни, құрылысты "толық аяқтау") тендерді ұтты. Құны 295 млн. АҚШ долларын құрайтын жобаны қаржыландыруды Еуропалық Қайта құру және Даму банкі жүзеге асырады. Қаражаттыӊ қайтарылуына "Самұрық-Қазына ұлттық әл-ауқат қоры кепіл болды.

Шалқия кен орыныныӊ баланстық қоры 112,9 млн. тонна кен, Zn - 4,83 млн. тонна, Pb - 1,49 млн. тоннамен бағаланады. Мырыш қоры бойынша Шалқия планетаныӊ еӊ ірі барланған бес кен орындарыныӊ қатарына кіреді.

Жақын орналасқан Шалқия кентініӊ халқы - шамамен 2 мыӊ адамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны