22.02.2017, 16:50 4710

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыт құрылысы басталмақ

Жаӊақорған ауданында жылына 100 мыӊ тонна кешенді минералдық тыӊайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Себебі, құрамында өсімдіктіӊ өсуіне қажетті бейорганикалық заттары бар минералды тыӊайтқыштар топырақтыӊ құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға жағдай жасайтыны белгілі.

Қызылорда. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында минералдық тыӊайтқыштар өндіретін зауыт салынады,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жаӊақорған ауданында жылына 100 мыӊ тонна кешенді минералдық тыӊайтқыштар өндіретін зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр.

Себебі, құрамында өсімдіктіӊ өсуіне қажетті бейорганикалық заттары бар минералды тыӊайтқыштар топырақтыӊ құнарлығын арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алуға жағдай жасайтыны белгілі.

Жаӊақорған ауданы әкімініӊ орынбасары Ғалымжан Сопбековтіӊ айтуынша зауыт "СКЗ-U" ЖШС жанынан ашылады. Жобаныӊ бизнес жоспары дайын. Зауытты алматылық компаниялар жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны