16.05.2017, 17:36 4461

Қызылорда облысынан 6847 тонна күріш, 596 тонна балық, 215 тонна бақша өнімдерін ЭКСПО-2017 көрмесіне жөнелту жоспарланған

ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы арнайы әзірленген кестеге сәйкес кеше Ийтеке би кентінен балық өнімдері елордаға жөнелтілді.

Қызылорда. 16 мамыр. Kazakhstan Today - ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы арнайы әзірленген кестеге сәйкес кеше Ийтеке би кентінен балық өнімдері елордаға жөнелтілді. Ағымдағы жылдыӊ маусым-қыркүйек айлары аралығында Астана қаласында өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде көрмеге қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда облысынан 6847 тонна күріш, 596 тонна балық және балық өнімдері, 215 тонна бақша өнімдерін жөнелту жоспарланған.

Астана қаласына жеткізілген балық өнімдерін сақтап, сатуға "Алай" сауда орталығы белгіленіп, мұздатқыштармен, тоӊазытқыштармен және сату алаӊдарымен қамтамасыз ету жөнінде меморандумға қол қойылған.

Осыған сәйкес "Қызылорда СПК Балық" ЖШС әзірлеген 3 тонна көксерке фаршы, "Ар-М-Кон" ЖШС мамандары дайындаған 637 келі ақтабан, 552 келі мөӊке, 212 келі сазан, жеке кәсіпкер "Т.Игіліковтен" 1309 келі сазан, 784 келі шортан және 91 келі балықтыӊ төсі рефрижераторлармен жабдықталған "DAF" автокөлігіне тиеліп, Арқа төсіне жол тартты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны