09.08.2017, 19:24 5682

Қызылорда облысында 2017-2020 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында 30 млрд. теӊге көлемінде 99 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр

Мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында облыстыӊ ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу рыноктарына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде облыстыӊ агроөнеркәсіп кешенін 2020 жылға дейін дамуыныӊ Агрокартасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Қызылорда. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 2017-2020 жылдар аралығында ауыл шаруашылығы саласында 30 млрд. теӊге көлемінде 99 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ міндетін атқарушы Пірмұхаммед Сыздықов Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қызылорда облысыныӊ мәдениет күндері өтетініне байланысты брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Ауыл шаруашылығы саласын мемлекетіміздіӊ тұрақты қолдауыныӊ арқасында, өӊіріміздіӊ ауыл шаруашылығы саласы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді.

Елбасы өзініӊ биылғы жылғы Жолдауында нарықтарда сұранысқа ие бәсекеге қабілетті өнім өндіру және экспорт көлемін ұлғайту және жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ әлеуетін пайдаланып кооперацияны дамыту жөнінде тапсырмалар берді.

Бұл берілген тапсырмаларын ҚР Агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асыру көзделген.

Мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында облыстыӊ ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу рыноктарына кешендік маркетингтік зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде облыстыӊ агроөнеркәсіп кешенін 2020 жылға дейін дамуыныӊ Агрокартасы әзірленіп, жүзеге асырылуда.

Агрокарта аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін (күріш, балық, ет, бақша, т.б.) экспорттау көлемін 2021 жылға қарай 5 есеге дейін ұлғайту жолдары айқындалды.

Осыған сәйкес облыста бірінші кезекте көп көлемінде инвестиция салмай жоғары экспорттық табыс табу секторларын белгіледік. Олар, күріш, бақша өнімдері және балық пен жылқы еті екендігі анықталып отыр.

Сондай-ақ, облыста өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ негізгі шығарылатын елдері -Қытай, Ресей, ЕвроОдақ, Түркия, Иран сонымен қатар, Қазақстанныӊ басқа өӊірлері деп белгіленді.

Сондықтан, Елбасыныӊ экспорт көлемін 40 пайызға арттыру, ауылдық жерлерде дайындау, сақтау, өӊдеу және тасымалдау жүйесін қалыптастыру тапсырмасын әзірленген агрокарта шеӊберінде іске асыратын боламыз.

Осы мақсатта облыста агроөнеркәсіп кешенін дамыту және экспорттық әлеуетін арттыру бағытында 2017-2020 жылдар аралығында 30 млрд. теӊге көлемінде 99 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Агрокарта аясында ішкі нарықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында облыстажылдам дамытуды қажет ететін салалар анықталып, оларға жылыжай және жеміс-жидек өнімдерін өндіру, құс шаруашылығы, майлы дақылдар, көкөніс, бақша, картоп өнімдерінөндіруді жатқыздық.

Бірінші кезекте күріш өндірісін дамыту мақсатында, күріш жармасын сұранысы жоғары, қымбат нарықтарға шығару көзделуде.

Бұл бағытта Иранда сұранысы жоғары Торем Хошеми сортын биыл 100 гектарға егіп, 2020 жылға қарай Иран Ислам Республикасына 5 мыӊ тонна күріш өткізу жоспарланып отыр, Биылдыӊ өзінде "Ақтөбе и К" ЖШС-гі Иранда сұранысы жоғары "Торем Хошеми" сортын 90 гектарға екті және "Сыр маржаны" шаруашылығында осы сортты тестен өткізу үшін 2 гектарғаегілді. Биыл Иранға экспортқа 60 тонна "Торем Хошеми" сортын жіберу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, бүгінгі күні Қытай мемлекетіне күріш салысын өткізу мәселесін пысықтаудамыз.

Екінші мәселе, облыста бақша дақылын өндірістік негізінде егу көлемін ұлғайту арқылы, Ресейде сұранысы жоғары қауын сорттарымен гибридтерін егіп, биыл 2000 тоннаға жуық сыр қауынын экспорттауды ұйымдастыру.

Бүгінгі күні өндірістік негізде 1600 гектар бақша дақылдары егілді. Сонымен қатар, сыр қауынын экспорттау мақсатында "МАГРО" ЖШС-інде 100 гектарға қауынныӊ гибридтік сорттары, оныӊ ішінде 50 гектары ылғал үнемдеу әдісімен (подпленка) егіліп, өнімдері алынуда. Сыр қауынын экспорттау жұмыстары жалғасын табуда. Қазіргі таӊда Ресейге 52 тонна сыр қауыны экспортталды.

2011 жылдан бастап Республикамыздыӊ 5 облысы аусыл ауруына байланысты мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге шектеу қойылған (буферлік) аймақ қатарында болғандықтан өӊірімізде өндірілетін етті экспорттауға мүмкіншілік болған жоқ. Үстіміздегі жылдыӊ 25 мамырында Париж қаласында өткен Халықаралық эпизотиялық бюросы (ХЭБ) Бас Ассамблеясыныӊ 85 сессиясында облысқа аусыл ауруы бойынша вакцина қолданатын таза аймақ мәртебесі беріліп, ет экспорттауға мүмкіншілік алынып отыр.

Биылғы жылы облыстан 100,0 тонна сиыр, 25,0 тонна қой етін экспорттау жоспарын орындау мақсатында, тірі қойларды экспорттауға Иран Ислам Республикасыныӊ "Inchen Broon Cooperative, Inc" және "Baharan Goosht Golestan" компанияларымен келісім шарт жасалып, алғашқы 850 бас қозыны экспорттау жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұдан өзге қыркүйек-қазан айларында "Сыр маржаны" ЖШС-гі арқылы сиыр етін экспорттау жоспарлануда.

Жылқы етін экспорттау мақсатында облыста арнайы сервистік дайындау орталығын құрып, биыл жылқы етін экспортқа жіберу логистикасын зерттеп, 2018 жылдан бастап, Шығыс Европа елдеріне экспортқа ет жіберуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Қытайға тірілей жылқы өткізу жөнінде алдын-ала келісім жүргізілді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыста жылыжайдыӊ көлемін 2017 жылға 5 гектарға жеткізу индикаторы белгіленген болса, биыл Қызылорда қаласында бітпей қалған 5 гектар құрайтын 50 жылыжай іске қосылды. Сонымен қатар, Қарауылтөбе ауылдық округінде 1 гектар құрайтын жылыжайды іске қосып, бірінші өнімін ала бастадық.

Сол сияқты, Жаӊақорған ауданында арнайы құрылған "Агрозонада" 1 гектар жылыжайдыӊқұрылыс жұмыстары жүргізілуде. Өз тарпымыздан жылыжай шаруашылығын қолдау мақсатында биыл жылыжайларға гектарға төленетін субсидия көлемін 3 млн. теӊгеден 10 млн. теӊгеге дейін ұлғайттық.

Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес, біздіӊ алдымызда тұрған еӊ басты мақсат жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру болып табылады. Бүгінгі күні облыс бойынша 647 жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ бірігуімен 27 кооператив құрылды.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін ұсақ және орта шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперациясына тарту мақсатында бүгінгі күні облыста 1989 ұсақ қожалықтардыӊ бірігуімен 231 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

Сонымен қатар, тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін сатуды ұйымдастыру мақсатында Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында сәуір айынан бастап апта сайын азық-түлік өнімдерініӊ жәрмеӊкелері өткізіліп, өнімдеріміз 15-20 пайыз төмен бағамен сатылуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны