08.04.2008, 12:13 3186

Қызылорда облысында алғаш рет энергетиканы дамытуға 2,5 млрд теңге бөлінді

Қызылорда облысында алғаш рет энергетиканы дамытуға 2,5 млрд теңге бөлінді

Қызылорда. 8 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында алғаш рет энергетиканы дамытуға 2,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қызылорда облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Саламат Қалжанов хабарлады.

"Облыстық бюджеттен 2008 жылға энергетиканы дамытуға алғаш рет 2,5 млрд теңге бөлінді . Оның ішінде 1 млрд теңгесі 6-шы және 9-шы қазандықтарды жаңалау мен күрделі жөндеуге, сондай-ақ, жергілікті ЖЭО-ның турбогенераторларын қымбат мазуттан Құмкөл кенішінен алынатын табиғи ілеспе газға көшіруге бөлінді", - деді С. Қалжанов.

Соның нәтижесінде өз энергетика көздері 100 МВт дейін өспек. Шағын станцияларды кеңейту мен жаңа жоғары вольтты желілерді тартуға 1,5 млрд теңге бөлінді.

"Өңірлік энергетикалық бағдарлама аясында екі газқұбырлы электр станциясын салу жоспарланған", - деді С. Қалжанов.

Оның айтуынша, қуаты 50 МВт болатын бір станция концессия негізінде тұрғызылады. Ал қуаты 75 МВттық екінші станцияны "ҚазГерМұнай" компаниясы салмақшы.

Облыстық әкімшіліктің таяудағы отырысында Қызылорда өңірлік электр желілік компаниясының базасы мен мемлекеттік меншіктегі мүлік кешенінің негізінде жаңа АҚ құру жөнінде шешім қабылданды.

"Жаңа акционерлік қоғамға кез-келген қалаған адам өз инвестициясы мен капиталын біріктіре алады", -деді басқарма бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны