24.04.2017, 15:46 5674

Қызылорда облысында "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауына бүгінге 30-дан астам кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр

Қызылорда облысында "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауына бүгінге 30-дан астам кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында Қазақстан Республикасы Президентiнiӊ "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауы ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді.

Семинарға облысқа қарасты барлық ауданнан шараға қызығушылық білдіруші кәсіпкерлер қатысты.

Байқау ережелерімен таныстыру үшін Астанадан арнайы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорыныӊ орынбасары Салтанат Ибдікәрімова мен "Интерсерт" ЖШС өкілі Виктор Ким келіп, шараныӊ маӊыздылығын түсіндіріп өтті.

"Биылғы жылы "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауындағы ерекшелік - байқау "EXPO - 2017" шарасы аясында, тамыз айында өткізіледі деп жоспарлануда. Біздіӊ отандық тауарөндірушілерімізге шет елден келетін туристердіӊ, іскер азаматтардыӊ назарын аудартпақпыз. Осылайша, республикалық көрмеге еліміздіӊ барлық облыстарынан келетін тауарөндірушілер өздеріне серіктестер тауып, байланыс орнатуға жақсы мүмкіндік туады деп сенеміз", - дейді Салтанат Ибдікәрімова.

Кәсіпкерлер палатасыныӊ сарапшысы Гүлдана Таӊатова өӊірден "Алтын сапа" сыйлығы мен "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауына қатысушылар саны жыл өткен сайын артып келе жатқандығын айтты. Кәсіпкерлер осындай шаралар арқылы сенімді серіктестер табуға болатынына көздері жетіп, белсенділік танытуда. Мәселен, биылғы өӊірлік байқауға бүгінгі күнге дейін 30-дан астам кәсіпкер қатысуға ниет білдіріп отыр, 1 мамырға дейін бұл көрсеткіш ұлғая түсуі мүмкін.

"Алтын сапа" және "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқаулары жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. "Атамекен" ҰКП шараны биылғы жылы үшінші рет ұйымдастыруда. Бұл байқаулар отандық тауарөндірушілерді қолдау аясында мемлекетімізде жасалып жатқан бірден-бір үлкен шара. Жыл сайын біздіӊ өӊірімізден де жергілікті тауарөндірушілер қатысып, жақсы жетістіктер көрсетуде. Өткен жылдыӊ өзінде "Қазақстанныӊ үздік тауары" республикалық көрме-байқауына облыстан қатысқан "Сыр маржаны" ЖШС "Іскер" номинациясын жеӊіп алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны