01.06.2017, 17:19 5762

Қызылорда облысында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкер болуға ниетті 26 тыӊдаушы оқу курсын бітірді

Өткен жылы қабылданған "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ екінші бағыты аясында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға ниеттілерді таӊдау тәртібіне сәйкес осы жылдыӊ 4 сәуірінде Қазалы көлік-техникалық колледжінде комиссия қатысуымен сынақ тапсырған 40 үміткер тестілеуден өтіп, оқу курсына 34 адам белсенді түрде қатысты.

Қызылорда. 1 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Бастау Бизнес" жобасыныӊ оқу курсын алғашқы болып тәмамдаған кәсіпкер болуға ниетті 26 тыӊдаушы оқу курсын бітірді, 8 тыӊдаушыға оқу курсына қатысты деген сертификатты аудан әкімі Нажмадин Шамұратов табыстады.

Өткен жылы қабылданған "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ екінші бағыты аясында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқуға ниеттілерді таӊдау тәртібіне сәйкес осы жылдыӊ 4 сәуірінде Қазалы көлік-техникалық колледжінде комиссия қатысуымен сынақ тапсырған 40 үміткер тестілеуден өтіп, оқу курсына 34 адам белсенді түрде қатысты.

Аудандағы "Бастау Бизнес" жобасы оқу курсыныӊ барысы туралы хабарлаған кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімініӊ басшысы Иліби Ибиев те, кәсіпкерлер палатасыныӊ Қазалы ауданындағы филиал директоры Ермек Аймаханов та өздеріне көрсетіліп отырған қолдауларды тиімді пайдаланып, ұтымды істерге білек сыбына кіріскен кәсіпкерлер қатарыныӊ көбейгендігін айтты.

- Жалпы, Елбасыныӊ бастамасымен жүзеге асырыла бастаған мемлекеттік бағдарламалар елімізде бизнестіӊ қарқынды дамуына кеӊінен жол ашуда. Осындай мемлекет тарапынан беріліп жатырған барлық көмектердіӊ пайдалануына ықпал етуге шақыра отырып, кәсіптеріӊіздіӊ өркендеуіне, ой-мақсаттарыӊыздыӊ орындалуына тілектестігімді білдіремін, - деді аудан әкімі болашақ кәсіпкерлерге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны