09.06.2017, 18:17 4834

Қызылорда облысында мемлекет пен жеке меншіктіӊ әріптестігі арқылы 11 жоба жүзеге асады

Бұған қоса мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша жоба, яғни Жаӊақорған ауданы Өзкент ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтыӊ құрылысын жүргізу жоспарға енгізілген. Қызылорда қаласыныӊ ішкі істер басқармасыныӊ Ақсай полиция бөлімі ғимаратыныӊ құрылысы ішкі істер департаменті бойынша жүзеге асырылатын бір жоба болып саналады.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімдігініӊ осы жылғы 28 ақпандағы №725 қаулысына сәйкес биылғы жылы облыста мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы 11 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтсақ, денсаулық сақтау басқармасы бойынша 5 жоба жүзеге асырылады. Олар - Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхана және 4 ауылдық округтен - Арал ауданы Бекбауыл, Сырдария ауданы Ақжарма, Қазалы ауданы Өркендеу, Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округтеріндегі дәрігерлік амбулаторияныӊ құрылыстары. Ал дене шынықтыру және спорт басқармасы бойынша 3 жоба жоспарланған. Олар Тасбөгет кентіндегі және Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенініӊ құрылысы және Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу қызметі.

Бұған қоса мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша жоба, яғни Жаӊақорған ауданы Өзкент ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтыӊ құрылысын жүргізу жоспарға енгізілген. Қызылорда қаласыныӊ ішкі істер басқармасыныӊ Ақсай полиция бөлімі ғимаратыныӊ құрылысы ішкі істер департаменті бойынша жүзеге асырылатын бір жоба болып саналады.

Сондай-ақ бірлесе атқарылатын жобалар арасында облыс орталығы көшелерін жарықтандыру да бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны