29.09.2017, 12:27 4429

Қызылорда облысында Оксфорд универсиетініӊ профессоры қала жастарына кәсіпкерлік тақырыбында семинар-тренинг өткізді

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ "Бизнес START" орталығы Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесіп қала жастарына семинар-тренинг өткізді. Оған Оксфорд және Сакария универсиетініӊ профессоры доктор Мұстафа Оздемир, кәсіпкерлер, студенттер мен қала жастары қатысты.

Қызылорда. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ "Бизнес START" орталығы Қызылорда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімімен бірлесіп қала жастарына семинар-тренинг өткізді. Оған Оксфорд және Сакария универсиетініӊ профессоры доктор Мұстафа Оздемир, кәсіпкерлер, студенттер мен қала жастары қатысты.

Шара жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыссыздықтыӊ алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар, жобалар насихатталып, шетелдік жас кәсіпкерлердіӊ жаӊа жобаларынан тәжірибелер ұсынылды.

Сонымен бірге семинарда көшбасшылыққа байланысты тренинг, SSM маркетинг-семинар, шеберлік сыныбы ұйымдастырылып, Оксфорд және Сакария универсиетініӊ профессоры доктор Мұстафа Оздемир "Education - Entrepreneurship - Success relations" (Білім мен кәсіпкерлік арасындағы табысты қатынас) тақырыбында баяндама жасап, шетелдегі кәсіпкерлер тәжірибелерімен бөлісті. Өз кезегінде Қызылорда қалалық мәслихат депутаты, кәсіпкер Нурболат Ибраев кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан жастарға ұсыныс - пікірін білдірді.

Семинар қорытындысында жастар Оксфорд және Сакария универсиетініӊ профессоры доктор Мұстафа Оздемир мен жиынға қатысқан кәсіпкерлерге көкейлеріндегі сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды. Сондай-ақ шара соӊында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, делінген университеттіӊ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны