18.07.2017, 21:50 4576

Қызылорда облысында өӊдеу секторындағы өндіріс көлемі жыл басынан 9,4%-ға өсті

-Технологиялық дамудыӊ маӊызы да аз емес. Мәселен, испандық жаӊа технологияны енгізудіӊ арқасында бүгінгі таӊда "Арал тұз" АҚ өнімін экспорттау 40 есе ұлғайды! Соӊғы 2 жылда кәсіпорын Ресейдіӊ ас тұзы нарығыныӊ 12%-ын иеленді.

Қызылорда. 18 шілде. Kazakhstan Today -Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы аясында аймақта негізгі секторларды техникалық қайта жарақтандыру, еӊбек өнімділігі деӊгейін арттыру, экспорттық өндірістіӊ бәсекеге қабілетті дамуы жөнінде шаралар қолға алынуда.

Нәтижесінде, өӊдеу секторындағы өндіріс көлемі жыл басынан 9,4%-ға өсті, өткен 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге (151,2%) артқан. Бұл кезеӊде республика бойынша өсім қарқыны 8%-дан төмен көрсеткішті беріп отыр. Бұл ретте, шикізаттық емес сектордыӊ жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) құрылымындағы үлесі 4 жылда 3 есе өсті.

Бұл туралы облыс әкімі Қ.Көшербаев облыстық мәслихаттыӊ XIV сессиясында сөйлеген сөзінде айтты.

-Технологиялық дамудыӊ маӊызы да аз емес. Мәселен, испандық жаӊа технологияны енгізудіӊ арқасында бүгінгі таӊда "Арал тұз" АҚ өнімін экспорттау 40 есе ұлғайды! Соӊғы 2 жылда кәсіпорын Ресейдіӊ ас тұзы нарығыныӊ 12%-ын иеленді.

Аймақтыӊ дамуында маӊызы зор басқа да жобаларды іске асыру бойынша да жұмыстар жалғасуда, - деді аймақ басшысы өз есебінде.

Ағымдағы жылы экспортқа бағытталған 2 кәсіпорын - молибден үш тотығын өндіретін кәсіпорын мен шыны зауытыныӊ іске қосылуы жоспарланып отыр.

Молибден зауытында технологиялық құралдардыӊ бірінші желісінде сынама жұмыстары жүргізілуде. Өнімніӊ негізгі көлемін Жапонияға экспорттау жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны