04.07.2017, 13:15 4431

Қызылорда облысында жоғары технологиялық "Қараөзек" газ компрессорлық станциясы пайдалануға берілді

Еӊ маӊыздысы, "Қараөзек" станциясыныӊ құрылысы елордамыз Астана қаласын және солтүстік өӊірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Болашақта елорданы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елініӊ жерінен бастау алады. Елбасыныӊ қолдауымен басталған ірі стратегиялық маӊызы бар - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жоғары технологиялық "Қараөзек" газ компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. "Қараөзек" компрессорлық станциясы болашақта Астана қаласын және еліміздіӊ солтүстік өӊірлерін газдандыруға мүмкіндік береді,-деп атап өтті кеше Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев жаӊа станцияныӊ салтанатты ашылу рәсімінде.

-Еӊ маӊыздысы, "Қараөзек" станциясыныӊ құрылысы елордамыз Астана қаласын және солтүстік өӊірлерді алдағы газдандыруды есепке ала отырып жоспарланған. Болашақта елорданы газдандыру жұмыстары қасиетті Сыр елініӊ жерінен бастау алады. Елбасыныӊ қолдауымен басталған ірі стратегиялық маӊызы бар - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралды газ құбыры Сыр еліне зор мүмкіндік берді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры Қызылорда облысын газдандыруға жол ашты. Бұл Мемлекет басшысыныӊ бізге жасаған тікелей қамқорлығы. Аталмыш станцияныӊ іске қосылуы газ саласы қызметкерлерініӊ Астана күніне жасаған сыйы, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаӊа компрессорлық стацияны іске қосу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Жаӊа станцияныӊ мүмкіндігі "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистралдық газ құбырыныӊ өткізгіштік қабілетін 10 млрд.текше метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Газ құбырыныӊ жалпы ұзындығы - 1534 шақырым, оныӊ 180 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Жобаныӊ 1-ші кезеӊінде Астана қаласы, Қарағанды облысы және Ақмола облысыныӊ оӊтүстік аудандары газдандырылмақ.

Атап өту керек, Қызылорда облысы әкімдігі мен "ҚазТрансГаз Аймақ" Акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 4 ауданныӊ орталығы (Арал, Ийтеке би, Шиелі, Жаӊақорған) және Байқоӊыр қаласына автоматтандырылған газ тарату станциялары мен ішкі газ құбырларыныӊ құрылыстары жүргізілді. Бұған жалпы сомасы 23 млрд. теӊге қаржы бөлінді.

Естеріӊізге сала кетейік, бүгін Қызылорда облысында жоғары технологиялық "Қараөзек" газ компрессорлық станциясы пайдалануға енгізілді.Салтанатты шараға Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ вице-президенті Қайрат Шәріпбаев қатысты.

"Қараөзек" компрессорлық станциясы "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырынан 944 шақырымда орналасқан, осы жылғы сәуірде Ақтөбе облысында пайдалануға енгізілген "Бозой" станциясынан қосарлы жұмысқа есептелген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны