05.09.2016, 10:08 2020

Қызылорда облысындағы 2017 жылдыӊ екінші жартысында шыны зауыты іске қосылады

Жаӊа шыны зауыты 400 жұмыс орнын ұсынады. Кәсіпорынныӊ қуаттылығы жылына 197 мыӊ тонна шыныны құрайды. Зауыттыӊ құны 36,8 млрд теӊгені құрады.

Қызылорда. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында шыны зауытын 2017 жылдыӊ екінші жартысында іске қосу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасыныӊ жетекшісі Ринат Сұлтангереев мәлім етті.

"Өткен жылдыӊ сәуірінде зауыт құрылысын бастадық. Қыркүйекте дайын өнім қоймасыныӊ құрылысын аяқтаймыз. Екінші жарты жылдықта зауытты іске қоспақпыз. Қазіргі таӊда нысанға технологиялық қондырғыны жеткізу қажет. Биылғы жылдыӊ соӊында қызметкерлер іріктеледі. Оларды шетелдік мамандар оқытатын болады", - деді Р.Сұлтангереев.

Жаӊа шыны зауыты 400 жұмыс орнын ұсынады. Кәсіпорынныӊ қуаттылығы жылына 197 мыӊ тонна шыныны ???aeau. Шығарылатын шынылар әр түрлі. Оған қоса, шикізаттыӊ 90 пайызы Қызылорда облысында өндіріледі. Зауыттыӊ құны 36,8 млрд теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны