17.07.2017, 19:36 4692

Қызылорда облысындағы әуежай терминалыныӊ құрылысы мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асырылады

Облыс әкімдігі бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен жобаныӊ 7,5 млрд. теӊге болатын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі.

Қызылорда. 17 шілде. Kazakhstan Today -Қызылорда облысы орталығындағы әуежай терминалыныӊ құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасыныӊ мамандары хабарлады.

Облыс әкімдігі бюджеттен тыс қаржы көздері есебінен жобаныӊ 7,5 млрд. теӊге болатын мемлекеттік сараптамадан өткізілген техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі.

Осыдан екі жыл бұрын, облыс әкімдігініӊ бастамасымен Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ "Мемлекеттік мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берудіӊ кейбір мәселелері туралы" №871 қаулысы қабылданды. Соныӊ негізінде "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ-ныӊ республикалық меншіктегі 100 % акциясы коммуналдық меншікке берілді.

2015 жылдыӊ 14 желтоқсанында Қызылорда облысыныӊ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС арасында Қызылорда қаласында өткізу қабілеттілігі сағатына 250 жолаушыны құрайтын жаӊа жолаушылар терминалы құрылысыныӊ тұжырымдамасын әзірлеу және жобаны сүйемелдеуге келісім шарт жасалды.

Осы мақсатқа 2015-2017 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 87,0 млн теӊге қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны