08.06.2017, 16:37 4022

Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында "Өӊірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Биыл аудан бюджетінен бөлінген қаржы У. Қосымов көшесі бойындағы сағат құрылымын, қалада орналасқан скверлерді, Ауған соғысы ардагерлерініӊ аллеясына абаттандыруға жұмсалды. Алда № 262 мектеп-гимназиясынан Д. Нұрпейісова көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынып, С. Сейфуллин, Ийтеке би көшелері бойындағы қорымдар қоршалатын болады.

Қызылорда. 8 маусым. Kazakhstan Today - ҚР "Өӊірлерді дамыту-2020" бағдарламасы аясында Арал қаласындағы күрделі жөндеуді қажет ететін 47 көппәтерлі тұрғын үйдіӊ 10-ы жөндеуден өтті. Енді Судоверфь № 16, № 22 көппәтерлі баспаналар кезекте тұр.

Биыл аудан бюджетінен бөлінген қаржы У. Қосымов көшесі бойындағы сағат құрылымын, қалада орналасқан скверлерді, Ауған соғысы ардагерлерініӊ аллеясына абаттандыруға жұмсалды. Алда № 262 мектеп-гимназиясынан Д. Нұрпейісова көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынып, С. Сейфуллин, Ийтеке би көшелері бойындағы қорымдар қоршалатын болады.

Сондай-ақ, осы жылы Жақсықылыш кентіне жаяу жүргіншілер жолы, Аманөткел елді мекеніне аялдама салынады. Қамыстыбастағы демалыс орнына ауыз су тартылып, "Қамбаш" балаларды сауықтыру және қосымша білім беру орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныныӊ кәріз жүйесі ағымдағы жөндеуден өткізіледі

Сондай-ақ, Арал қаласыныӊ К. Байсейітова,Д. Нұрпейісова, Құрманғазы, М. Мәметова, Т. Бөріқұлақов, Космонавт, Т. Тоқтаров, Жарымбетов, М. Нұржаубаев көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны