14.09.2017, 17:19 4306

Қызылорда облысыныӊ "Аралтұз" АҚ Изербайжанға тұз экспорттай бастады

Изербайжанға Арал тұзыныӊ алғашқы вагоны жөнелтілді,-деп хабарлады 11-14 қыркүйек аралығында Ресей астанасында өтіп жатқан "World Food Moscow" 26-шы халықаралық мамандандырылған көрмесінде компанияны таныстырған "Аралтұз" АҚ-ныӊ маркетинг және тарату жөніндегі вице-президенті Евгений Король.

Қызылорда. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Изербайжанға Арал тұзыныӊ алғашқы вагоны жөнелтілді,-деп хабарлады 11-14 қыркүйек аралығында Ресей астанасында өтіп жатқан "World Food Moscow" 26-шы халықаралық мамандандырылған көрмесінде компанияны таныстырған "Аралтұз" АҚ-ныӊ маркетинг және тарату жөніндегі вице-президенті Евгений Король.

- Кәсіпорын Ресейдіӊ тұз нарығыныӊ 13 пайызын жеӊіп алды. Бұдан бөлек, біз Қырғызстанға да өз өнімдерімізді жөнелтеміз, жақында тұздыӊ алғашқы вагонын Изербайжанға жібердік. Болашақта нарықты кеӊейтіп, Қытай мен Шығыс Еуропа елдеріне экспорттауды жоспарлап отырмыз,-деді Евгений Король.

"Аралтұз" АҚ жаӊа серіктестер тарту мақсатында Ресейде маӊыздылығы мен ауқымы жағынан екінші саналатын 26 -шы мамандандырылған "World Food Moscow" көрмесіне қатысуда.

Айта кету керек, "Аралтұз" АҚ металлургия, химия, өнеркәсіптіӊ өзге де салаларында сұранысқа ие кальцийлендірілген сода өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, шикізат Қызылорда қаласында шыны шығару өндірісіне қолданылатын болады. Зауыттыӊ жылдық қуаты 300 мыӊ тонна өнімді құрайды. Бұл республикада кальцийлендірілген сода шығаратын жалғыз зауыт болмақ әрі еліміздіӊ барлық сұранысын 75% -ға қанағаттандырады. Бүгінде кальцийлендірілген сода нарығыныӊ 100%-ын импорттық өнімдер құрайды.

Анықтама: "Аралтұз" АҚ - йодталған ас және техникалық тұз шығаратын қазақстындық ірі кәсіпорын. Кәсіпорын өнімніӊ бірнеше түрін шығарады: ас тұзы әртүрлі деӊгейдегі жұмсақ және қатты қаптамаларда, сондай-ақ, мал азығына және техникалық қажеттіліктерге арналған түрлері. Компания Қызылорда облысыныӊ Арал ауданында орналасқан, 1200 ден астам адам жұмыс істейді.

11-14 қыркүйек аралығында Мәскеуде өтіп жатқан "World Food Moscow 2017" халықаралық азық-түлік жәрмеӊкесіне әлемніӊ 64 елінен 1500 ден астам ресейлік және шетелдік азық-түлік өнімдері мен сусындарын жеткізуші компаниялар қатысуда.

"KAZAKH INVEST" Ұлттық компаниясы" АҚ-ы жәрмеӊкеде Қазақстанныӊ ұлттық бұрышын таныстырып, жеті бірдей отандық өндіруші-компаниялардыӊ өнімдерін ұсынды, олпрдыӊ арасында "Аралтұз" АҚ да бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны