12.05.2017, 14:22 5612

Қызылорда облысыныӊ "Bastau Бизнес" жобасына қатысушы кәсіпкерлері бизнес-жоспарларын қорғауда

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында "Bastau Бизнес" жобасына қатысушылар бизнес-жоспарларын қорғауда. "Қызылордалықтар республика көлемінде қорғау жұмыстарын бірінші болып бастады",-дейді Палатаныӊ сарапшысы Жанат Матерзаева.

Қызылорда. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ алаӊында "Bastau Бизнес" жобасына қатысушылар бизнес-жоспарларын қорғауда. "Қызылордалықтар республика көлемінде қорғау жұмыстарын бірінші болып бастады",-дейді Палатаныӊ сарапшысы Жанат Матерзаева.

Кешеден бастап Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаӊақорған аудандарыныӊ жобаға қатысқан азаматтары Қызылорда қаласында бизнес-жоспарларын қаржы институттары мен мемлекеттік орган өкілдерінен құрылған облыстық комиссияныӊ алдында қорғауда.

Айта кету керек, пилоттық негізде жүзеге асырылып жатқан жобаныӊ алғашқы кезеӊінде тестілеуден 228 адам өткен болатын. Осы азаматтардыӊ 128-і облыстық комиссия алдында жобаларын қорғамақ.

"128 азамат "Bastau Бизнес" жобасыныӊ барлық кезеӊінен өткен азаматтар. Облыстық комиссия алдында жобаларын сәтті қорғай алғандарға арнайы сертификаттар тапсырылып, қаржы институттары қаржыландыру шараларын жүргізу барысында бірінші кезекте оларға басымдық берілмек", - дейді Кәсіпкерлер палатасыныӊ маманы Жанат Матерзаева.

Айта кету керек, облыстық комиссия алдына жалпы құны 558 млн.теӊгені құрайтын 128 жоба ұсынылып отыр.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны