09.06.2017, 18:23 5264

Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданы бойынша 3 айда 238 тонна балық өӊделіп, Еуропа елдеріне экспортталды

Оныӊ ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Соныӊ бірі "Рза" АҚ-ныӊ "660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты" жобасы аясында осы жылдыӊ 3 айында 1510 тонна сүт өӊделіп, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы ірі сауда орталықтарында сатылуда.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қызылорда облысыныӊ Қазалы ауданы бойынша тиісті шаралар қабылданып жүзеге асырылуда. Ауданда бағдарлама аясында аймақтық үйлестіру кеӊесіне 2010-2015 жылдары жалпы құны 4187,4 млн.теӊге құрайтын 22 жоба ұсынылып, оныӊ 17-сі толық іске қосылды. Осыныӊ арқасында 212 жаӊа жұмыс орны ашылды.

Оныӊ ішінде 2 жоба аймақтық индустрияландыру картасына енгізілді. Соныӊ бірі "Рза" АҚ-ныӊ "660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты" жобасы аясында осы жылдыӊ 3 айында 1510 тонна сүт өӊделіп, Алматы, Астана, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Ақтау қалаларындағы ірі сауда орталықтарында сатылуда.

Ал "СПК Қызылорда Балық" ЖШС-ніӊ "Балық өӊдеу зауытыныӊ құрылысын іске асыру" жобасымен 3 айда 238 тонна балық өӊделіп, Еуропа елдеріне экспортталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны