07.06.2017, 16:27 4706

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданында 48 тұрғын "Бастау Бизнес" жобасы аясында білім шыӊдады

Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданында екі айға жуық уақыт ішінде 48 тұрғын "Бастау Бизнес" жобасы аясында оқып, білімін шыӊдады. Соныӊ қорытындысы бойынша аудан әкімі Ғалым Иміреев өзі арнайы құттықтап, сертификатын тапсырды.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ Жаӊақорған ауданында екі айға жуық уақыт ішінде 48 тұрғын "Бастау Бизнес" жобасы аясында оқып, білімін шыӊдады. Соныӊ қорытындысы бойынша аудан әкімі Ғалым Иміреев өзі арнайы құттықтап, сертификатын тапсырды.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ қаржылай емес оператор ретінде ұйымдастырған "Бастау Бизнес" кәсіпкерлік негіздерін оқыту жобасы бойынша сертификат алғандардыӊ ішіндегі еӊ жас кәсіп иесініӊ бірі - Сағындық Тоқшылықов. М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде техник электроника мамандығын былтыр тәмамдаған Сағындық өз кәсібін дөӊгелету үшін ауылға ат басын бұрыпты.

- Өзім Бесарық ауылдық округі, Талап ауылыныӊ тумасымын. Мұндағы негізгі мақсатым - мал шаруашылығын дамытқым келеді. Оныӊ ішінде бордақылау алаӊын салып, асыл тұқымды қой түрлерін көбейту ниеттемін. Иә, екі айға жуық уақыт ішінде осы жоба негізінде өзіме керекті мәліметтерді жинақтай алдым. Айгүл Төлекова апайдыӊ дәріс беру тәсілі ұнағаны рас. Еӊ бастысы бизнес бастаудыӊ алғышарттарын және несие алудағы мәселелер төӊірегіндегі сауалдарға жауа ала алдық. Алдағы жоспар уақыт күттірмей жұмысқа кірісу керек, - дейді ол.

Сондай-ақ, жиын барысында ардагер ұстаз Манасбай Тұрабаев сала мамандарына рахметін айтып, келешек әріптестеріне жеміс тіледі. Айта кетерлігі, бұл бірінші топ дәріс алушылар, енді екінші топқа тіркелгендер сол "Жаӊақорған" шипажайында оқытудыӊ озық үлгілерімен танысып, білім алуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны