07.04.2017, 16:39 8336

Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы "Қызылорда - бизнеске қолайлы қала" атты бастаманы жүзеге асыруды ұсынды

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов қала әкімдігінде өткен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған мәжілісте облыс орталығын бизнеске қолайлы шаһарға айналдыру бағытында бірлесе атқарылып жатқан шаралар жайлы айтты.

Қызылорда. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Ғалымбек Жақсылықов қала әкімдігінде өткен шағын және орта бизнесті дамыту мәселелеріне арналған мәжілісте облыс орталығын бизнеске қолайлы шаһарға айналдыру бағытында бірлесе атқарылып жатқан шаралар жайлы айтты.

-Бүгінде Кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті атқарушы органдар кәсіпкерлердіӊ мәселелерін шешу бағытында әріптестік негізде тиісті шаралар қабылдау арқылы бизнес өкілдерініӊ өзекті мәселелерін жедел шешуде. Оған жақында ғана шешілген қаладағы дүӊгіршектер мәселесін айтуға болады,-деді ол.

Қазір облыста "Нәтижелі жұмыспен қамту - 2017-2021" бағдарламасы аясында "Бастау" бизнес жобасы басталды. Жобаға қатысуға тілек білдірген аудан азаматтары 1 сәуірден бастап тестілеуден өткізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5 ауданда өткен тестілеуге 229 адам қатысты. Қызылорда қаласы әзірге бұл жобаға енбеуіне байланысты кәсіпкерлік палатасы қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарына қолдаудыӊ өзге де түрлерін қарастырып жатыр.

Мәселен, қазір Кәсіпкерлер палатасы "Даму", "ҚазАгро" мамандарымен бірге қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарына арналған "Кеӊес беру күні" акциясын жүргізуде. Акция барысында жұмыссыз және аз қамтылған отбасы жастарын кәсіпкерлікке тарту мақсатында кеӊес, ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін шара 7 ауылдық округте өткізілді. Айта кету керек, бұл акцияны тоқсанына бір рет өткізу жоспарланып отыр.

-Кәсіпкерлер палатасымен бизнес өкілдерінен түсетін шағымдарға талдау жасау барысында арыздардыӊ 30 пайыздан астамы жер қатынастары саласына қатысты екендігі анықталды. Осы жерде мынадай ұсыныс айтқым келеді. "Қызылорда - бизнеске қолайлы қала" деген бастаманы жүзеге асыруды ұсынамын. Жалпы кәсіпкерлердіӊ мәселесін шешуде неғұрлым жеӊіл жолын қарастыру қажет. Бұл ретте, Палата жан-жақты қолдау көрсетуге әзір. Мәселен, Қызылорда облысыныӊ кәсіпкерлер палатасы облыс тұрғындары үшін "Бизнес-мектеп" компоненті бойынша оқу жүргізеді. Аталмыш компоненттіӊ ішінде екі күндік ақысыз "Бизнес-кеӊесші" жобасы бойынша біліктілікті жетілдіруге болады, -деді палата басшысы.

"Бизнес-кеӊесші" жобасы - әрекет етуші және кәсіпті жаӊадан бастаған кәсіпкерлерге сонымен қатар кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға қысқа мерзімді кәсіпкерлікті жүргізу негіздерін оқытатын жоба.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны