30.05.2008, 15:08 7744

Қызылордада қоғамдық көліктегі жолақысы 5 теңгеге қымбаттайды

Қызылордада қоғамдық көліктегі жолақысы 5 теңгеге қымбаттайды

Қызылорда. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада қоғамдық көліктегі жолақысы 5 теңгеге қымбаттап, автобустарда 35 теңге және бағытты таксилерде 40 теңге болмақ. Тасымалдаушылар мен жергілікті билік өкілдері кірген келісім комиссиясының жұмыс қорытындысы осындай болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоғамдық көліктегі жолақысы автобустарда 35 теңге және бағытты таксилерде 40 теңге болғанда, балалар мен оқушылар үшін жолақысы бұрынғыдай автобустарда 5 теңге және бағытты таксилерде 10 теңге қалпында қалады,- деді кеше өткен брифингте "Көлік қызметі" ҚКК директоры Абат Абдрахманов. "9 маусымнан бастап енгізілетін жаңа тарифтер дәл бір айға белгіленеді", -деді ол.

"Құрылған сарапшылық топ осы мерзімде тарифтерді есептеу әдістемесіне сәйкес жолақы құнының көтерілуіне басты себеп болған жанар-жағармайдың бағасын ғана қадағалап қоймай, тасымалдаушылардың пайдалану шығындарын азайту тәсілдерін де іздестіретін болады", -деп мәлімдеді А. Абдрахманов.

"Көлік қызметі" ҚКК директоры жолақы құнын көтеру мәселесі бір айдан кейін қайтадан алдан шығуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. "Бұл мәселеге нүкте қою әлі ерте", - деді ол.

Қызылорда әкімдігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, маусымда кезекті тендер өткізіледі, оның қорытындысы бойынша сыйымдылығы мол автобустары бар жаңа тасымалдаушылар айқындалады. Сонымен бірге, Алматылық мамандардың нұсқауына сәйкес бағыттарды оңтайландыру көзделуде.

Еске сала кетейік, 28 мамыр, сәрсенбіде қалалық қоғамдық көлік жүргізушілері ереуіл ұйымдастырған. Наразылық білдірушілер жанар-жағармай бағасын төмендетуді, немесе, жолақыны көтеруді талап еткен. Жүргізушілермен қала басшылығы, құқық қорғау органдвры мен қалалық прокуратура өкілдері кездесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны