03.03.2011, 17:10 4243

ҚМГ БӨ 2010 жылы 234,5 млрд теңге көлемінде таза пайда тапқан

ҚМГ БӨ 2010 жылы 234,5 млрд теңге көлемінде таза пайда тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 3 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ 2010 жылы 234,5 млрд теңге көлемінде таза пайда тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ-ның таза пайдасы 234,5 млрд. теңгені (1 591 млн. АҚШ долларын) және бір акцияға шаққандағы пайда 3 232 теңге (бір ЖДҚ үшін 3,7 АҚШ долларын) құраған. Бұл көрсеткіш 2009 жылдың сәйкес кезеңінде алынған 209,7 млрд. теңгемен (1 422 млн. АҚШ долларымен) және 2 871 теңгемен (бір ЖДҚ үшін 3,2 АҚШ долларымен) салыстырғанда 12 пайызға артық.

Бір акцияға шаққандағы пайда 3 232 теңгені (бір ЖДҚ үшін 3,7 АҚШ долларын) құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылдың сәйкес кезеңінде 209,7 млрд теңгені құраған.

2009 жылы алынған бағамдық айырмашылықтан түскен ауқымды кірісті есептемегенде, 2010 жылы таза пайданың өсімі 72 %-ды құрады.

2010 жылы Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы 2009 жылмен салыстырғанда барреліне 61,7 АҚШ долларынан 79,2 АҚШ долларына дейін өсіп, 28%-ға жоғары болды.

Операциялық пайда негізінен мұнай бағасының қымбаттауына байланысты 2009 жылдың осындай кезеңінде алынған 154,9 млрд. теңгемен (1 050 млн. АҚШ долларымен) салыстырғанда, 21 %-ға артып, 186,7 млрд. теңге (1 267 млн. АҚШ долларын) құрады.

2010 жылы ҚМГ БӨ түсімі 2009 жылмен салыстырғанда 25 %-ға артты және 609,2 млрд. теңге (4 135 млн. АҚШ доллары) құрады. Бұл арту орташа мұнай сату бағасының 30 %-ға - тоннасына 53 082 теңгеден (барреліне 49,78 АҚШ долларынан) 69 101 теңгеге (барреліне 64,86 АҚШ доллары) дейін қымбаттауына байланысты болды және сату көлемінің 3 %-ға төмендеуімен ішінара өтелді.

Операциялық шығындар 2009 жылдағы 330,6 млрд. теңгемен (2 241 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 2010 жылы 422,5 млрд. теңгені (2 867 млн. АҚШ доллары) құрады (өсім 28%). Операциялық шығындардың артуына мұнай бағасының қымбаттауы нәтижесінде ренталық салық пен пайдалы қазбаларды өндіру салығын (ПҚӨС) төлеу шығындарының артуы, сондай-ақ 2010 жылдың 16 тамызында енгізілген экспорттық кедендік баж салығының шығындары себеп болды.

Салықтар мен экспорттық кедендік баж салығын есептемегенде, операциялық шығындар есепті кезеңде 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 %-ға артты. Бұл негізінен жалақы төлеу, жөндеу, қызмет көрсету және тасымалдау, ескіру, амортизация және басқа да шығындардың артуы есебінен болды.

2010 жылы операциялық қызметтен түскен ақша ағымдары 115,7 млрд. теңге (785 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2009 жылдағыдан 22 %-ға аз. Бұл азаю 2009 жылы орын алған және 2010 жылы қайталанбаған теңгенің құнсыздануы нәтижесінде бағамдық айырмашылықтан түскен (ішінара операциялық қызметтен түскен ақша ағымдары ретінде танылған) айтарлықтай кіріске байланысты болды.

Күрделі салымдар (ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепке сәйкес, материалдық емес активтерді сатып алу шығындарын есептемегенде) 2010 жылы 86,7 млрд. теңге (588 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2009 жылғы күрделі салымдардан 2 есеге көп. Күрделі салымдардың артуы, негізінен, эксплутациялық бұрғылау көлемінің 2009 жылы 95 ұңғымадан 2010 жылы 215 ұңғымаға дейін және іздеу-барлау бұрғылау жұмыстарының 2009 жылы 4 ұңғымадан 2010 жылы 8 ұңғымаға дейін артуына байланысты болды.

2010 жылдың 31 желтоқсанындағы займдар сомасы 2009 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша 137,7 млрд. теңгемен (928 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда, 122,5 млрд. теңгені (831 млн. АҚШ доллары) құрады. Займдар сомасы ПҚИ-дегі 33 % үлесін сатып алу нәтижесінде ҚМГ ПҚИ Қаржы Б.В. компаниясы өз мойнына алған ҚМГ БӨ активтеріне регресс құқығынсыз тартылған 114,3 млрд. теңге (776 млн. АҚШ доллары) сомасындағы ҚМГ ПҚИ Қаржы Б.В. компаниясының қарызын қамтиды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны