01.02.2012, 14:46 3939

ҚМГ БӨ басқарма құрамында ауыс-түйістер болды

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде АҚ құру туралы шешім қабылады және Басқарма мүшелерін сайлады, деп хабарлады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Астана. 1-ақпан. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ басқарма құрамында ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі өндірістік филиалдар негізінде АҚ құру туралы шешім қабылады және Басқарма мүшелерін сайлады.

Директорлар кеңесі Компания келесі қызметкерлерін: бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары А.А. Нұрсейітовті, қаржы директоры - қаржылық бақылаушы Б.П. Фрейзерді, құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор М.О. Сәулебайды, логистика және келісімшарт жөніндегі басқарушы директор Э.Р. Салимовты, қазметкерлерді басқару және дамыту департаментінің директоры Б.С. Ишірбекованы ҚМГ БӨ Басқарма мүшесі етіп сайлады. Компания Басқармасының келесі мүшелері: К.Ж. Ешмановтың, Ж.Д. Бекежанованың, А.А. Иубәкіровтің, Б.Л. Бисекеннің, Т.К. Хитуовтың, Ж.К. Жамауовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Жаннета Бекежанова бұрынғысынша бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып табылады, алайда қазір бала күтіміне байланысты демалыста.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны