28.12.2011, 10:37 3669

ҚМГ БӨ "Өзенмұнайгазда" заманауи бұрғылау компаниясын құру мәселесін пысықтап жатыр

Құжатқа сәйкес, ҚМГ БӨ бас директоры Алик Айдарбаев Астанада компанияның орталық аппаратының ұжымымен кездесті. ҚМГ БӨ басшысы ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру мен өндірісте тұрақтылықты сақтау бойынша жұмысқа зейін қою керек.

Астана. 28-желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚМГ БӨ "Өзенмұнайгазда" заманауи бұрғылау компаниясын құру мәселесін пысықтап жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, құжатқа сәйкес, ҚМГ БӨ бас директоры Алик Айдарбаев Астанада компанияның орталық аппаратының ұжымымен кездесті. ҚМГ БӨ басшысы ҚР президентінің тапсырмасына сәйкес жаңа жұмыс орындарын құру мен өндірісте тұрақтылықты сақтау бойынша жұмысқа зейін қою керек.

"Мәселені шешудің бір жолы ретінде "Өзенмұнайгаз" өндірістік филиалында заманауи бұрғылау компаниясын құру мәселесі пысықталып жатыр", - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы) - мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кіреді. Компанияның өндіру көлемі "Қазгермұнай" БК ЖШС мен CCEL ("Қаражанбасмұнай") "ПетроҚазақстан Инк." және "НБК" ЖШС компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2010 жылы 13,3 млн. тоннаны (тәулігіне 270 мың баррель) құрады.

ҚМГ БӨ-нің мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 2010 жылдың соңындағы жағдай бойынша 232 млн. тоннаны (1,7 млрд. баррелді), ал еншілес компаниялардағы үлесті есептегенде 2,2 млрд. баррельден астамды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны