24.05.2013, 11:42 5226

КО мүше-елдері аясында бірыңғай валюта енгізу туралы сөз қозғауға әлі ерте

"Біздің өңірде келешекте мұндай өңірлік валюта Кедендік одақ немесе Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында болады. Бұл ұзақ жол, ол 8-10 жылдан кем емес уақыт алады. Нақты айтсақ, біз бұл жолмен жылжып келе жатқан жоқпыз", - деді Г.Марченко VI Астана экономикалық форумында.

Астана. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Кедендік одақ аясында бірыңғай өңірлік валюта құру бойынша нақты шаралар қабылданып жатқан жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко мәлім етті.

"Біздің өңірде келешекте мұндай өңірлік валюта Кедендік одақ немесе Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында болады. Бұл ұзақ жол, ол 8-10 жылдан кем емес уақыт алады. Нақты айтсақ, біз бұл жолмен жылжып келе жатқан жоқпыз", - деді Г.Марченко VI Астана экономикалық форумында.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, КО мүше-елдеріне бірыңғй валюта құру үшін Еуропалық одақ аясында жұмыс істейтін бірыңғай макроэкономикалық параметрлер жасау қажет.

"Маастрихт келісім-шартында келісілген макроэкономикалық параметрлер бізде әлі қабылданбаған. Яғни бізге макроэкономикалық параметрлерді келісіліп, сосын ең болмаса 5 жыл қатарынан барлық мүше-елдер орындауы тиіс, сосын барып Ұлттық банк үстін құру қажет, ол өз алдына осы ұлттық валюта үсті эмитенті қызметін атқарады", - деп түсіндірді Г.Марченко.

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық банкі басшысы теориялық түрде КО аясында өңірлік валютаны 10 жыл ішінде енгізуге болатынын айтты. "Еуропада оған шамамен 50 жыл кетсе, еуроаймақтың жағымсыз тәжірибесін ескере отырып, оны он жылда істей аламыз. Теориялық түрде 10 жылдан соң біз КО аясында бірыңғай валютаға ие бола аламыз", - деп есептейді ол.

Перспективада бірыңғй валюта құру үдерісін тежейтін мәселелерге қатысты, Г.Марченко КО аясында "бірыңғай макроэкономикалық параметрлерінің бағытын дұрыстау қиынға соғатынын" атап өтті.

"Маахстиртте мысалға, инфляция жылына 2%-дан аспауы тиіс, ал Беларусьте жылына инфляция 102% болды. Яғни, алдымен инфляцияның қандай деңгейі бізге қолайлы екенін түсіну керек, сосын сол шешімді қабылдап, оны ұзақ уақыт орындаймыз", - деді ҰБ төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны